Қауіптің алдын алу әр адамның өз қолында

Наурыз айының ортасы да болып қалды. Жер-жерде мұз еріп, жер қарая бастады. Биылғы қыс онша қарлы болмады, сондықтан ауыл ішінде су басу қаупі төмен. Ал көлдегі мұз үстіндегі балықшылардың өмірі  үшін қауіп сақталуда. Ауа температурасы жоғарылап, Күн сәулесі белсенді болған сайын,  оның үстіне бірнеше күнге созылған демалыс күндері де  балық аулаушыларды көлге  шақырады. Әсіресе қаладан келген жора-жолдас, туыс-жекжат мініп келген көліктерінен түскісі келмей, көл үстіне де көлікпен шығатындары бар. Бұл әрекет өте қауіпті екенін түсіне тұрса да, «маған қатысы жоқ» деп ойлайды. Көктем кезінде де табиғат адамдарға жанашырлық танытпайды. Ол білмеушілікке, жеңіл ойға өз жазасын береді. «Мұз аймағындағы» өлім және жарақат алу, мұз астына бату, тоңазып қалу, суық тию т.б. салдарынан болуы мүмкін. Мұзға шыға қалсаңыздар,  естеріңізде болсын: жалғыз шықпаңыздар; мұздың астында терең жарықтар немесе ойықтар болуы мүмкін.Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, жедел құтқару бөлімшесі және мемлекеттік  Ұлттық табиғи парк қызметкерлері бірлесіп үнемі көлде рейд жүргізеді.Рейд барысында демалушыларға тақырыптық ескертулер таратылып, ауызша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ескерту артық болмас деп,  естеріңізге салып отырмыз:

1.Қатпаған және жұқа мұз үстіне шықпаңдар. 
2.Жеке мұз аумағы үстіне топпен жиналмаңдар. 
3.Мұз үстіндегі жарылуларға, қатпарларға жоламаңдар.
4.Қауіпті және рұқсат етілмеген орындардағы суаттан өтпеңдер. 
5.Қараңғы уақытта мұз үстіне шықпаңдар. 
6.Мұз үстінде автокөлікпен, мотоциклмен көктем уақытында жүрмеңдер.

 

№5 жедел құтқару бөлімшесінің аға құтқарушысы С.Джанкулов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы