Қауіпсіздік ережелерін балалардың есіне түсіріңіз!

Жарияланған: 31.07.2017


Баянауыл ауданының ТЖ бойынша бөлімшесі ата-аналарды балалардың бос уақытын қалай, қайда өткізетіндігіне мұқият көңілмен қарауға шақырады. Өз балаларыңызбен сөйлесіп, қауіпсіз өзін ұстау ережесіне көңілін аудартыңыз!

Балаларды мүмкіндік бойынша назарсыз қалдырмаңыз: отпен ойнау қауіпті екендігін жиі ескертіп отырыңыз. Сіріңке - ойыншық емес, от – ермек емес, өрт адам үшін ауыр апат әсерін тигізеді, сондықтан балалар оттан аулақ жүру туралы түсінік қалыптасу керек.

Электр құрылғаны дұрыс қолдануды балаларға үйрету керек. Көз алдына сіріңке мен шақпақты қалдырмаңыз. Төтенше жағдайда балалардың өздерін дұрыс ұстауын үйрету керек, өйткені көп жағдайда балаларын өздерін пассивті қорғаныс реакциясын көрсетеді, оттан қашудың орнына бұрыштарға тығылады.

Балалар өздерінің мекен-жайын нақты білу қажет.

Егер бала үйде жалғыз қалса, міндетті түрде бір парақ қағазға қажетті төтенше көмек телефондарын жазып беріңіз. Ол қағаз көз алдында жату қажет, міндетті түрде бірінші 101 телефоны жазылу қажет.

Бала өмірінің қауіпсіздігі ең алдымен сіздерге байланысты екенін естеріңізде сақтаңыз!

Баянауыл ауданының төтенше жағдайлар бойынша бөлімі.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы