Ақтөбе облысы: Көп қабатты үйлердегі өрт қауіпсіздігі

Жарияланған уақыты: 25.12.2018


Аз қабатты үйлерде тұратын адамдарға қарағанда көп қабатты үйлердегі адамдар үшін өрт қаупі жоғары, өйткені өрт кезінде эвакуациялану қиындық туғызады. Тек қана өрт қауіпсіздігі жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі тұрғындарға өзінің және отбасының өмірін сақтаудың тұрақты кепілдігі бола алады.

Тұрғындардың өртке қарсы режимді сақтауына аса назар аударылды. Көп қабатты тұрғын үйлерде жие кездесетін бұзушылықтардың бірі – тұрғындардың өздерінің эвакуация жолдарын жабуы. Өртке қарсы жабдықтармен толығымен жасақталмауы.

Қызметкерлер пәтерлерді аралау барысында үй иелеріне және отбасы мүшелеріне күнделікті өмірде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау, соның ішінде электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігін сақтау қажеттілігі туралы түсіндірді, өрт жағдайы туралы айтты, төсекте шылым шегуге болмайтындығы, балалардың отпен ойнауынан болатын өрттер туралы, сондай-ақ тұрғындар өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған жағдайда олардың әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы туралы да ескертілді. Барлық пәтер иелері, пәтерді жалдап тұрып жатқандар және олардың отбасы мүшелері пәтерлерде немесе тұрғын үйдің кез-келген жерінде орын алған өрттер үшін жауапты болып табылады. Үйлерінде болмаған азаматтарға жадынамалар пошта жәшіктеріне салынып және пәтер есіктеріне қыстырылды.

Көп қабатты тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігіне немқұрайлы қарау өрттің шығуына, оның одан әрі қарай таралуына немесе адам өліміне әкеп соғуы мүмкін. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексіне сәйкес ескерту немесе әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік шара қолданылады.

Баянауыл ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері көп қабатты үйлердің тұрғындарына отты, газ аспаптарын қолдану кезінде мұқият және сақ болуға кеңес берді, өздерінің және жақындарының өмірін бағалауға, өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң түрде сақтауға және өрттің шығуына жол бермеуге шақырды.

Адамдар өртті сөндіргеннен гөрі оның алдын алған дұрыс екендігін ескеруі қажет.

 

ТЖ Бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы