«Ата заң- кемел келешек кепілі»

Жарияланған уақыты: 29.08.2018


Баянауыл ауылында орналасқан Қ. Сатпаев атындағы мемориалды мұражайда «Ата заң- кемел келешек кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Онда азаматтықты және қазақстандық отаншылдықты насихаттау, Ата Заңға, Қазақстан республикасының заңдары мен рәміздеріне құрметті қалыптастыру, азаматтық қорғау қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін арттыру мақсат болды.

Іс-шара аудандық кітапхана және Қ. Сатпаев атындағы мұражай қызметкерлерімен бірлесе отырып ұйымдастырылды. Іс-шараға ТЖБ, №29, 28 ӨСБ жеке құрамы, зейнеткерлер, аудандық сот өкілі, Қ. Сатпаев атындағы мұражай және аудандық кітапхана қызметкерлері қатысты.

Дөңгелек үстел кезінде: ТЖБ бастығы О. Түсіпов, Аудандық соттың судьясы Б.Даутов, №29 Өрт сөндіру бөлімінің бастығы Н. Тумайкеновтер «Ата Заңға құрметті қалыптастыру», «Ата заң- кемел келешек кепілі», «Конституция демократия негізі» тақырыптарында баяндама жасады.

Аудандық кітапхана қызметкерлері «Конституция - кемел келешек кепілі» атты кітап көрмесін жасады.

Дөңгелек үстелдің соңында азаматтық қорғау қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарға баяндамашылар тарапынан құзыретіне сәйкес нақты жауап алды.

Сондай-ақ, азаматтық қорғау зейнеткері Ж. Жанайдаров дөңгелек үстелге қатысушыларды Ата заңға 23 жыл толуымен құттықтады. 

 

 

 

 

 

Р. Толегенов

Баянауыл ауданының

ТЖБ аға инженері

азаматтық қорғау аға лейтенанты

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы