Алдын алу жұмыстары жалғасуда

Жарияланған уақыты: 10.12.2018


     Өмір қауіпсіздігі барлық кездерде, барлық жерлерде маңызды. Әсіресе балалардың өмір қауіпсіздігі... Сондықтан құтқару қызметінің ең маңызды жұмыстарының бірі – қауіпті, төтенше жағдайлардың алдын алу.

Осы мақсатпен №5 жедел құтқару тірегінің құтқарушылары С.Б.Джанкулов пен К.А.Евченко аудан мектептерін аралап, оқушылармен тақырыптық кездесу-дәрістер өткізуде. Осы жолғы кездесулер Жылбек Ағаділов атындағы, Үшқұлын, Сұлужон мектептерінде өтті.

Оқушылар белсенді қатысып, қарастырылып отырған тақырып төңірегінде өз білетіндерін, ойларын ортаға салды. Кездесудің нәтижелі өтуіне құтқарушылардың пайдаланған тақырыптық таныстырылымы да өз көмегін көрсетті.

 

 

 

 

 

№5 жедел құтқару тірегінің бас құтқарушысы С.Б.Джанкулов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы