Алдын алу жұмыстары жалғасуда

Жарияланған: 20.09.2016


Жаңа 2016-2017 оқу жылының басталуымен аудан мектептерінде төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары да басталып кетті. Қыркүйек айының басында аудан орталығындағы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында, №2 орта мектебінде, З.Ақышев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесулер өткізілді. Орта сынып оқушылары жазғы демалыста өздері куә болған әртүрлі оқиғалар жайлы әңгімелеп, сақтық ережелерін орындау керектігін айтты. Үйде де, үйден тыс жерлерде де, әсіресе көлдерде, орманға серуен кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтағанда ғана төтенше жағдайларға тап болмайтындығы тағы да балалардың есіне салынды.

 

Жедел құтқару отрядының аға құтқарушысы  С.Б.Джанкулов

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы