Абайлаңыз, сүңгілер!

Жарияланған уақыты: 24.01.2019


Шатырларда сүңгілердің пайда болуы - судың мұз қабығы бойынша төменге ағуына қарай, оның бір бөлігі қатып қалады және еріген сүңгі кеңейе бастайды. Қалған су сүңгілер тамшысына қосылады. Тамшының шетінде судың біртіндеп қатуы сүңгілердің кеңеюіне әкеледі. Егер тамшы тым үлкен болса (диаметрі 5 мм артық), ол құлайды, бірақ көп ұзамай еріген су жаңа тамшысын құрайды. Еріген судың ағыны болғанша, су яғни сүңгілер кеңейіп, ұзарады. Диаметрі ілгіш тамшының өлшемімен анықталатын сүңгінің ұшы үшкір болып қалады.

Мұздың 0°С-тан төмен температурадағы судан құралатыны бәрімізге белгілі. Шатырда мұздың пайда болуына келесі негізгі факторлар әсер етеді ( маңыздылығы жағынан): шатырдың беткейінің тіктігі және оның кедір-бұдырлығы. Егер шатырдың беткейінің бұрышы (оның кедір-бұдырлығына байланысты) 40°-60° жоғары болса, онда қар жауғанда шатырдың қар жамылғысы құрылмайды, тиісінше, қысқы маусымда шатырдың шетіне сүңгілердің пайда болу ықтималдығы өте аз.

Қыста шатырда мұздың пайда болу көлеміне әсер ететін маңызды фактор шатырды жылылау және шатыр асты кеңістігін желдету болып табылады. Оның үстіне, еріген қардың саны шатырдың жылу оқшаулағышына тікелей байланысты: ол жақсырақ болса, қар аз ериді.

Сүңгі төбеден құлаған кездегі қауіпсіздік шаралары:
• Ғимараттардың астында жүрмеңіз, сүңгілерге назар аударыңыз, олардың көп жиналған жерлерін айналып өтіңіз. Тротуарға қадам басқан кезде, жүру бөлігіне жақын жүруге тырысыңыз.
• Егер сіз сүңгінің адамға құлап түскенін байқасаңыз — дереу "103" телефоны арқылы жедел жәрдем шақырыңыз және мүмкіндігінше ол келгенше алғашқы көмек көрсетуге тырысыңыз. Алайда, өз қауіпсіздігіңіз туралы есте сақтау керек.
• Сүңгілердің өткір формасы бар, сондықтан зардап шегушіден қан кетпегеніне көз жеткізу керек. Терең жарақат болса, қандай жағдай болмасын жараны ұстамау керек.
• Зардап шегушінің бас сүйек-ми жарақатының белгілері бірден көрінбеуі мүмкін - сондықтан көзге көрінетін зақымдары болмаса да, травматолог және нейрохирургтың тексеріп қарауы үшін дереу ауруханаға жеткізу керек.

Ғимараттың карнизінде сүңгілердің пайда болуынан қорғау:
• ғимараттың шатырдағы үй-жайын жылыту;
• құрылыс кезінде шатырдың еңіс бұрышы кемінде 40°-60°болуы тиіс;
• ғимараттың карнизінде пайда болған мұзды үнемі тазарту.

Үйлердің, ғимараттардың және құрылыстардың шатырларында мұз қабаттары мен сүңгілер анықталған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне (әкімдіктерге).

 

Баянауыл ауданының ТЖБ

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы