19 қазан құтқарушылардың кәсіби мерекесі.

1995 жылғы 19 қазанда Елбасының Жарлығымен Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттік комитет құрылды. Өткен жылдар ішінде құтқарушылар әртүрлі объектілерде және түрлі апаттардан адамдарды құтқару ісінде өздерінің жоғары кәсібилігін көрсетті. Қазіргі заманның жаңа талаптары біздің алдымызға еліміздің халқы мен аумағын табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың келеңсіз салдарларынан қорғау бойынша жаңа міндеттер қояды. Осы мәселе бойынша, атап айтқанда, біздің қызметкерлер мен мамандардың біліктілік деңгейіне ерекше назар аударылады.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы