10,11,13 – қаңтар күндері құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысымен

Жарияланған: 16.01.2017


10,11,13 – қаңтар күндері құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің жұмысымен, олардың қандай техникамен және жабдықтармен жұмыс жасайтынымен таныстыру мақсатында  Баянауыл селосындағы мектептердің оқушылары №28 аудандық өрт сөндіру бөліміне таным жорыққа шақырылды. 

Кездесу кезінде қонақтарға бөлімше командирлері  Ж.Ибраев,  Д.Ибраев, бөлім бастығының орынбасары Ж.Изтуллин, құтқару  өрт сөндіруші Ж.Исмагамбетов, төтенше жағдайлар бөлімі бастығының орынбасары И.Рахманов,  жедел құтқару отрядының аға құтқарушысы С.Джанкулов өздерінің күнделікті жұмысы жайлы және төтенше жағдайлар болған жағдайда қалай жұмыс жасайтындығын түсіндіріп, арнайы киімдер мен арнайы техниканың атқаратын қызметі жайлы мәліметтер берді.

Мектептен келген қонақтардың ішінде 9-сынып оқушылары болғандықтан оларға құтқарушы мамандығына қалай оқуға болатыны жайлы да ақпарат берілді. Жалпы таным жорыққа келген 135 /жүз отыз бес/ бала құтқарушының жұмысына қызығушылық танытып, бұрын көрмеген арнайы құралдармен  танысты.

Жедел құтқару отрядының аға құтқарушысы С.Джанкулов

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы