1 қыркүйек күні ТЖБ қызметкерлері жалпы білім беру мекемелерінде үгіт насихат жұмыстарын өткізді

Жарияланған уақыты: 05.09.2019


Өрттің пайда болу, адамдардың қаза болуы және жарақат алу қаупін азайту мақсатында, Төтенше жағдайлар департаментінің нұсқауына сәйкес 1 қыркүйек - Білім күні жалпы білім беретін мекемелерінде пешті орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын халыққа түсіндіру бойынша кешенді іс-шаралар өткізілді.

Аталған іс – шаралардың мақсаты-оқушылар мен олардың ата-аналарына пештерді орнату кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру және 2019-2020 жж. жылыту кезеңіне дайындық.

Қатысушылар ТЖБ қызметкерлерін қызығушылықпен тыңдады, сұрақтар қойып, оларға толық жауаптар алды.

Іс-шара соңында барлық қатысушыларға өртке қарсы тақырыптағы брошюралар мен буклеттер таратылды.

Сонымен қатар, адамдар көп жиналатын ірі сауда объектілерінде жылыту кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын түсіндіру, "Қоғамдық қабылдау"акциясы түрінде ұйымдастырылды.

Акцияның мақсаты: өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру және тұрғындарды жылыту кезеңіне дайындау мәселелерінде мемлекеттік мекемелердің ашықтығы мен қол жетімділігі.

Егер осы іс-шараларға қатысқан әрбір адам пешті орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін меңгерсе, онда жылыту кезеңіндегі жазатайым оқиғалар аз болады деп үміттенуге болады.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы