Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі төмендегіне хабарлайды

Жарияланған: 22.11.2017


Баянауыл ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі  төмендегіне хабарлайды:

Мүгедек балалар тәрбиелеп отырған ата – аналар үшін психологиялық көмек көрсету және консультация беру онлайн қолдау қызметі қызмет атқаруда.

1411 тегін бірыңғай қысқа нөмеріне қоңырау шала отырып, мүгедек балалар  тәрбиелеп отырған ата – аналардың психологиялық көмек және консультация алу үшін кезекті брондау мүмкіндігі бар. Мүгедек балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға онлайн – психологиялық  кеңес беру Қазақстан – Ресей медициналық  университетінің мамандарымен жүзеге асырылады.

       Толық ақпаратты 1411  телефоны  бойынша алуға болады. Сіз үйдің және ұялы телефон  арқылы қоңырау шала аласыз. Қоңырау шалу тегін.

Онлайн – психологиялық кеңес алу үшін :

- Интернетке қосылған компьютер;

- Веб камера;

- Компьютерге қосылған микрофоны бар құлақ қаптар немесе динамиктер;

- Бейнелі Skype арқылы алмасу бағдарламасы болу тиіс.

  Қосылу  Skype (скайп атауы) адресі : krmu 1411

 

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы