Введите ваш запрос для начала поиска.

Баянауыл ауданының 2018 жылдың 1 қаңтарға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Жарияланған: 08.02.2018


Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау.

2017 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары бойынша 653 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, оның ішінде 400 тұрақты және 253 уақытша және маусымдық жұмыс орындары.  2018 жылдың 1 қаңтарға 669 жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 416 жаңа  тұрақты және 253 уақытша және маусымдық жұмыс  орындары ашылды.

2017 жылы аудан бойынша бағдарламаға сәйкес 250 жұмыссызды қоғамдық жұмысқа тарту жоспарланған.  2018 жылдың 1 қаңтарына 290 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды. Игерілген  қаражат сомасы 20325,0 мың теңге. Әлеуметтік жұмыс орындарына 92 жұмыссыз адам тартылды.

2018 жылдың 1 қаңтарға  аудан бойынша аз қамтамасыз етілген табыс көзі кедейшілік деңгейінен төмен  6 отбасындағы  18 адамға 1207,0 мың теңге жергілікті бюджеттен төленді.

 18 жасқа дейінгі балалары бар 157 отбасындағы 482 балаға 8658,0 мың теңге жергілікті бюджеттен төленді.

Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау үшін 45056,0 мың теңге қаралды. 2018 жылдың  1  қаңтарға онкологиялық аурумен ауыратын 148  адамға 3368,1 мың теңге, туберкулезбен ауыратын  51 адамға 1948,7  мың теңге әлеуметтік төлемдер берілді. Аудан әкімінің гранты бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын жетім, аз қамтамасыз етілген отбасындағы  14 балаға оқуы және шәкірт ақысына  8726,0 мың теңге төленді.

«Тұрғын үй көмегі» Әлеуметтік көмек коммуналды шығындарды (электроэнергия, жылу, телефон)  өтеу үшін Майқайың кентінде тұратын аз қамтамасыз етілген  62 отбасына 2742,0 мың теңге төленді.

Үйде оқитын әлеуметтік көмек алатын мүмкіндігі шектеулі 23 балаға тоқсан сайын 1361 теңге (6 АЕК) көлемінде 762,0 мың теңге төленді.

Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

 ҰОС қатысушылары және мүгедектеріне дәрі-дәрмек сатып алуға 2 адамға  2 АЕК мөлшерінде  102,7 мың тенге сомада ай-сайынғы материалдық көмек төленді. Ауған соғысына қатысқандар денсаулығын жақсартуға 15 адамға 2 АЕК мөлшерінде жалпы сомасы 991,6 мың теңге ай сайын материалдық көмек көрсетілді; Ауған соғысына қатысқан 15 адамға коммуналдық шығындарын өтеуге 272,3 мың тенге тоқсан сайынғы материалдық көмек көрсетілді.  ЧАЭС апатының зардабын жоюға қатысқан тұлғалар денсаулығын жақсартуға 2 адамға 2 АЕК мөлшерінде  90,9 мың теңге сомада ай сайынғы материалдық көмек көрсетілді;  Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 101 жалғызілікті және жалғыз тұратын жұмысқа қабілетсіз зейнеткерлер мен 16 мүгедек балаларға қызмет көрсетіледі. 

ҰОС қатысушылары және мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін 2 адамға жалпы сомасы  369,8 мың теңге, Ұлы Отансоғысы ардагерлерінің жесірлеріне 19 адамға коммуналдық шығындарын өтеуге 966,9 мың теңге  тоқсан сайынғы  материалдық көмек берілді.

Баянауыл ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен  қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудын 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын  іске асырылу барысы туралы ақпарат

Баянауыл ауданының 2017 жылғы халықты жұмыспен  қамтудын  кешенді жоспарына сәйкес 889 адамды қамту көзделген, 2018 жылдың 1 қаңтарына 2050 адам немесе 230%-ы қамтылды. 

2016 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің №919 қаулысымен бектілген «Нәтижелі жұмыспен  қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудын 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру мақсатында Баянауыл ауданында аудандық комиссия құрылды.

Ағымдағы жылы бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша  колледждерде әр түрлі мамандықтарға оқуға ниет білдірген 56 адамның  алдын ала тізімі жасақталып, оқуға жолданды. Сонымен  қатар қысқа мерзімдік курстарға  55 адамды оқытуға 9100,0 мың теңге қаражат бөлінді. 1 қаңтарға игерілген сома 9100,0 мың теңге.

Оқыту келесі мамандықтар бойынша: тракторист-машинист – 30 адам,аспазшы-5 адам, шаштараз-сәнгер-5 адам. Тракторист және аспазшы  (25 адам) мамандықтары Баянауыл ауданының аграрлы-техникалық колледжінде оқытылады, шаштараз–сәнгер мамандығы бойынша 5 адам Екібастұз қаласының кәсіби-техникалық оқу орталығы «Отан» Республикалық қоғамдық бірлестігінде оқытылуда. Оқу тамыз  айында аяқталды. Аяқтағандардын 55-і жұмысқа орналастырылды.

  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша шағын несие алушылар үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен 20 адамға 128350 ,0 мың теңгеге лимиттер жеткізілді. Оның  47200,0 мың теңгесі «Ауыл шаруашылығы ақшалай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы, 79150,0 мың теңгесі «Аграрлы-несиелік мекемесі» «НС-Баянаул» ЖШС-гі арқылы. Бүгінгі 27 адамның жобалары жалпы сомасы 117350,0 мың теңгеге қаржыландырылды.

«Бизнес-Бастау» кәсіпкерлік негіздерін  оқыту жобасы бойынша 187 адамды оқыту жоспарланған. Оның 184 адамы оқытылып, сертификаттар берілді.

 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыт бойынша әлеуметтік жұмыс орындарына 75 адамға бюджеттен 15301,0 мың теңге бөлінді. Нақты 92 адам жұмысқа орналасып, 15301,0 мың теңге қаражат игерілді.      

Жастар тәжірибесіне 15 адамға жалпы сомасы 5111,0 мың теңге қаражы бөлінді. Жолданғаны 23 адам. Игерілген қаражат сомасы 5111,0 мың теңге.

        «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» үшінші бағыттың екінші компоненті бойынша осы жылы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 04 сәуірдегі №168 қаулысымен «2017 жылға оралмандар мен қоныс аударушылардың өңірлік квотасын бекіту туралы» және «2017 жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №72 бұйрығымен ауданға 6 отбасы (30 адам) қоныс аударушыларды  және 3 отбасы (15 адам) оралмандарды қабылдаудың жоспары жеткізілді.

        Бағдарламаның осы бағытын іске асыру үшін 3 млн 584 мың теңге көшіруге және де 5 млн 379 мың теңге тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидия – ауылдық жерлерге қоныс аударулар үшін он екі ай ішінде ай сайын төлеуге қаражат бөлінген.

        Қазіргі танда ауданға 8 отбасы құрамында 41 адам (ОҚО-ы Сарыағаш ауданынан 2 отбасы 11 адам, Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданынан 1 отбасы 4 адам),Арыс қаласынан 4 отбасы  көшіп келді.

        Сонымен қатар  1 оралман отбасы құрамында 5 адам ҚХР СҰАР қоныс аударды.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы