Введите ваш запрос для начала поиска.

Баянауыл ауданының 2017 жылдың 1 қазанға әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы

Жарияланған: 20.10.2017


Еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау.

2017 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспары бойынша 653 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланған, оның ішінде 400 тұрақты және 253 уақытша және маусымдық жұмыс орындары.  2017 жылдың 1 қазанға 626жаңа жұмыс орындары ашылды, оның ішінде 373 жаңа  тұрақты және 253 уақытша және маусымдық жұмыс  орындары ашылды.

2017 жылы аудан бойынша бағдарламаға сәйкес 250 жұмыссызды қоғамдық жұмысқа тарту жоспарлануда.  2017 жылдың 1 қазанға 250 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа тартылды. Игерілген  қаражат сомасы 15824,0 мың теңге.  Әлеуметтік жұмыс орындарына 90 жұмыссыз адам тартылды.

2017 жылдың 1 қазанға  аудан бойынша аз қамтамасыз етілген табыс көзі кедейшілік деңгейінен төмен  6 отбасындағы  18 адамға 1027566,0мың теңге жергілікті бюджеттен төленді.

 18 жасқа дейінгі балалары бар 134 отбасындағы 420 балаға 6680,2 мың теңге жергілікті бюджеттен төленді.

       Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау үшін 45056,0 мың теңге қаралды. 2017 жылдың  1  қазанғаонкологиялық аурумен ауыратын 141  адамға 3209,2 мың теңге, туберкулезбен ауыратын  37 адамға 1546,5  мың теңге әлеуметтік төлемдер берілді. Аудан әкімінің гранты бойынша жоғарғы оқу орындарында оқитын жетім, аз қамтамасыз етілген отбасындағы  14 балаға оқуы және шәкірт ақысына  5737,5 мың теңге төленді.

Баянауыл ауданы бойынша 821  мүгедек бар, соның ішінде 86-  1 топ, 342 -2 топ, 315-  3 топ мүгедектері, 75 -16 жасқа дейінгі мүгедек балалар бар .

2017 жылдың  1қазанға ҰОС қатысушылары және мүгедектеріне дәрі-дәрмек сатып алуға 2 адамға  2 АЕК мөлшерінде  63,5мың тенге сомада ай-сайынғы материалдық көмек төленді. Ауған соғысына қатысқандар денсаулығын жақсартуға 15 адамға 2 АЕК мөлшерінде жалпы сомасы 571,7 мың теңге ай сайын материалдық көмек көрсетілді; Ауған соғысына қатысқан 15 адамға коммуналдық шығындарын өтеуге 190,6 мың тенге тоқсан сайынғы материалдық көмек көрсетілді.  ЧАЭС апатының зардабын жоюға қатысқан тұлғалар денсаулығын жақсартуға 2 адамға 2 АЕК мөлшерінде  81,7 мың теңге сомада ай сайынғы материалдық көмек көрсетілді;  Үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесімен 105 жалғызілікті және жалғыз тұратын жұмысқа қабілетсіз зейнеткерлер мен 16 мүгедек балаларға қызмет көрсетіледі. 

ҰОС қатысушылары және мүгедектеріне коммуналдық қызмет шығындарын төлеу үшін 2 адамға жалпы сомасы  158,8 мың теңге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жесірлеріне 19 адамға коммуналдық шығындарын өтеуге 571,2 мың теңге  тоқсан сайынғы  материалдық көмек берілді.

Баянауыл ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен  қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудын 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын  іске асырылу барысы туралы ақпарат

 

Баянауыл ауданының 2017 жылғы халықты жұмыспен  қамтудын  кешенді жоспарына сәйкес 889 адамды қамту көзделген, 1 қазанға 783 адам немесе 88,7%-ы қамтылды. 

2016 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің №919 қаулысымен бектілген «Нәтижелі жұмыспен  қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудын 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасын іске асыру мақсатында Баянауыл ауданында аудандық комиссия құрылды.

Ағымдағы жылы бірінші бағыты «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша  колледждерде әр түрлі мамандықтарға оқуға ниет білдірген 56 адамның  алдын ала тізімі жасақталып, оқуға жолданды. Сонымен  қатар қысқа мерзімдік курстарға  30 адамды оқытуға 9, 168 мың теңге қаражат бөлінді. 1 қазанға игерілген сома 5,400 мың теңге.

Оқыту келесі мамандықтар  бойынша: тракторист-машинист – 20 адам,аспазшы-5 адам, шаштараз-сәнгер-5 адам. Тракторист және аспазшы  (25 адам) мамандықтары Баянауыл ауданының аграрлы-техникалық колледжінде оқытылады, шаштараз –сәнгер мамандығы бойынша 5 адам Екібастұз қаласының кәсіби-техникалық оқу орталығы «Отан» Республикалық қоғамдық бірлестігінде оқытылуда. Оқу тамыз  айында аяқталды. Аяқтағандардын 24-і жұмысқа орналастырылды.       

  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша шағын несие алушылар үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасымен 10 адамға 59550 ,0 мың теңгеге лимиттер жеткізілді. Оның  24000,0 мың теңгесі «Ауыл шаруашылығы ақшалай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы, 37150,0 мың теңгесі «Аграрлы-несиелік мекемесі» «НС-Баянаул» ЖШС-гі арқылы. Бүгінгі 11 адамның жобалары жалпы сомасы 61150,0 мың теңгеге қаржыландырылды.

«Бизнес-Бастау» кәсіпкерлік негіздерін  оқыту жобасы бойынша 188 адамды оқыту жоспарланған. Оның 130 адамы оқытылып, сертификаттар берілді. Қалған 58 адам оқыту кестесіне сәйкес (03 сәуірден-20 қазанға дейінгі аралықта) оқытылады.

 «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағытбойынша әлеуметтік жұмыс орындарына  75 адамға республикалық бюджеттен 15301,0 мың теңге бөлінді. Нақты 90 адам жұмысқа орналасып, 13462,0 мың теңге қаражат игерілді.      

Жастар тәжірибесіне 15 адамға жалпы сомасы 5111,0 мың теңге қаражы бөлінді. Жолданғаны 21 адам.

        «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» үшінші бағыттын екінші компоненті бойынша осы жылы Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 04 сәуірдегі №168 қаулысымен«2017 жылға оралмандармен қоныс аударушылардын өңірлік квотасын бекіту туралы» және «2017 жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудын өңірлік квотасын бөлу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі №72 бұйрығымен ауданға 6 отбасы (30 адам) қоныс аударушыларды  және 3 отбасы (15 адам) оралмандарды қабылдаудын жоспары жеткізілді.

        Бағдарламаның осы бағытын іске асыру үшін 3 млн 584 мың теңге көшіруге және де 5 млн 379 мың теңге тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге субсидия – ауылдық жерлерге қоныс аударулар үшін он екі ай ішінде ай сайын төлеуге қаражат бөлінген.

        Қазіргі танда ауданға 5 отбасы құрамында 27 адам (ОҚО-ы Сарыағаш ауданынан 3 отбасы 16 адам, Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданынан 1 отбасы 4 адам),Арыс қаласынан 2 отбасы  көшіп келді.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы