Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

(VІ сайланған ____________________ сессия)

 

Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан

Республикасының жер заңнамасына сәйкес

пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы

жерлерге жер салығының мөлшерлемесін және бірыңғай

жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы

 

         Қазақстан  Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 509-бабы  5-тармағына, 704-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасы 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 50-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Баянауыл аудандық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
  2. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есе жоғарылатылсын.
  3. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы  26 желтоқсанда № 5309 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы  01 қантарда «Баянтау» аудандық газетінде жарияланған) № 55/11 шешімінің күшін  жойылды деп танылсын.
  4. Баянауыл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 28 қарашадағы «Павлодар облысы Баянауыл ауданының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне бірыңғай жер салығының мөлшерлемесін жоғарылату туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы 26 желтоқсанда № 5308 болып тіркелген, 2016 жылғы 30 желтоқсанда электронды түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде, 2017 жылғы  01 қантарда «Баянтау» аудандық газетінде жарияланған) № 56/11 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Баянауыл аудандық мәслихатының заңдылық, азаматтардың өтініш-шағымдарын қабылдау және аграрлық мәселелер мен экология жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
  6. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, шешімнің 2-тармағы 2020 жылдың 1 қаңтарға дейін қолданылады.

 

 

                Сессия төрағасы                                                          __________

          

          Аудандық мәслихатының

                      хатшысы                                                                          Т. Қасен 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы