Баянауыл ауданының жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2018-2019 жылдарға арналған ЖОСПАРЫ

Жарияланған: 09.01.2018


                                              Баянауыл аудандық мәслихатының
                                                                                     2018 жылғы 05 қаңтардағы

                                                                              № 141/23 шешімімен бекітілді

 

 

 

Баянауыл ауданының жайылымдарды басқару

және оларды пайдалану жөніндегі

2018-2019 жылдарға арналған

ЖОСПАРЫ

   

Баянауыл ауылы

2018 жыл

КІРІСПЕ

 

       Баянауыл ауданында, жалпы еліміздегі сияқты бүгінге дейін ауылшаруашылығы саласындағы жер қатынастары, негізінен Қазақстан Республикасының Жер кодексі мен "Шаруа немесе фермер қожалықтарының қызметі туралы" Заңымен реттелген болатын. Енді, биылдан бастап жайылымдық алқапты пайдалану құқықтық қатынастары "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы Заңмен (бұдан әрі -Заң) басқарылып, ұйымдастырылатын болады. Заңда, еліміздегі жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды реттеуде, жергілікті атқарушы органдар мен шаруашылық жүргізуші ұйымдардың жұмысты ұйымдастыру, басқару, жоспарлау жүйесіне қатысты іс-шаралар айқындалған. Жұмысты жүйелі түрде жүргізуге нормалар белгіленіп, нақтыланған.

      Баянауыл ауданы көлемі 1 850 775 гектар жерді құрайды, оның  1 488 087 гектары жайылым алқабы болып есептеледі. Бүгінде осы жайылымдық жерлердің 874 100 гектары ғана қолданыста, 56 пайызы пайдаланылмағандықтан босалқы жерлер санатында.

      Қазірде аудандағы 13-округ, 1-кентте мал шаруашылығымен айналысатын 8-жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, 495-шаруа қожалықтары, 1-ӨК 75-азаматтар жұмыс жасайды және көптеген отбасылар мал ұстап, өнімдерін өз игіліктеріне жаратып отыр. Оларда 95 172 бас қой мен ешкі, 61 616 бас мүйізді ірі қара, 25 039 бас жылқы. Осы малдың                       70 пайызға жуығы ауыл маңындағы жайылымда бағылуда. Әр мал басына белгіленген норматив бойынша пайдаланып отырылған жайылым көлемін есептесек, онда малды бір жерге қайталап жая берген болып саналады. Бұл шөптердің сиреуіне және мал тұяқтарымен жердің беткі қабаттарының бұзылуына, яғни жерді эрозияға ұшыратады. Мұндай "тұяқкесті", яғни тапталған жайылымдар ауданда жүздеген гектарды алып жатыр. Әсіресе, жайылымдардың тарлығынан эрозияға ұшырап шаңы шыққан, тақыр жерлер негізінен елді мекендер мен малды суаратын аймақтарда көп орын алады.

       Осы жоспардың негізгі мақсаты, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бүлдірмеу үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 "Жайылымның жалпы алаңы жүктемесінің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 болып тіркелген, 2015 жылғы 5 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялан) бұйрығы негізінде аудан көлеміндегі жайылымдарды түгелдей, мал түріне қарай бекітілген нормаға сәйкес пайдалануына талдау жасап, ауданда жаңа Заңдағы қойылған талаптарға сәйкес, жайылымдарды қалпына келтіру, түбегейлі жақсарту, сақтау, тың жерлерді игеру, ұтымды пайдалану жұмыстарын жургізу. Сонымен қатар, жыл мезгілдеріне және пайдалану кезеңдеріне қарай, ауылдық округтердегі тұрғындардың малдарын маусымдық және шалғай жайылымдарға біріктіріп, топтастырып шығарып жаюды ұйымдастыру жайылымдарды тиімді пайдаланудың, малдың жағдайын табудың, жайылым эрозиясын болдырмаудың негізгі жолы. Заң еліміздегі жайылымдар инфрақұрылымдарын жақсартуға, жайылым жерлердің тозуын болдырмауға, олардың қоршаған орта экожүйесіндегі экологиялық тұтастығын сақтауға бағыттайды. Сондай–ақ, экологиялық таза мал өнімдерін арттыру мәселелерін қарастырады.

 

Аудандағы жер санаттары және олардың көлемі

 

      Аудан көлемі шөл-шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы ащы, ылғалы аз, жері сорлы. Өсетін шөптер негізінен жусан, жусан-бүйіргенді, сұр-жусанды және жусан тұқымдастар, ащы жерлерге көкпек, ебелек, бұйырғын, адыраспан өссе, құмды жерлерге қияқ, еркек, қияқ боз, селеу тағы да басқа шөптер өседі. Кей жылдары, көктем ылғалды, жылы болғанда сәуірдің ортасынан бастап эфемерлер (мортық, қоңырбас, сіңбірік, мысық құйрық) сияқты шөптер өсе бастайды. Бұл шөптер бір, бір жарым айларда қурай бастайды. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты.

 

кесте 1

р/с

Жер санаттары

Барлығы

Оның ішінде:

Жайылым

Егістік

Тыңайған жер

Шабындық

1

Барлық ауылшаруашылығындағы пайдаланудағы жерлер

816 167

757 512

16 851

32 108

105

2

Елді мекен жерлері

295 334

272 034

289

92

3230

3

Өнеркәсіп, көлік қорғаныс, байланыс және басқа бағыттаы жерлер

6 967

-

-

-

-

4

Орман қорының жері

127

-

-

-

-

5

Су қорының жері

3 464

-

-

-

-

6

Ерекше қорғалатын табиғи аймақ

68 453

22 072

33

-

2 721

7

Мемелекеттік қордағы жерлер

660 263

435 857

-

149 758

3 699

Барлығы:

1 850 775

1 487 475

17 173

181 958

9 755

      Кесте де көрсетілгендей, аудан территориясы табиғи географикалық орналасуына байланысты жеті жер санатына бөлінген. Бұл санаттардағы жерлер өз мақсаттарына сәйкес пайдалануда.

      Ал, аудан жайылымдарына жалпы, сипаттама жасайтын болсақ, олардың өнімділігі тұрақты емес, жауын-қардың аз-көптігіне қарап, әр жылдарда өзгеріп отырады. Шөбінің өнімділігі, жылдың ауа райының жағдайына қарай, гектарына 1,0 центнерден 3 центнерге дейін болады. Жайылым шөбінің аздығы және маусымдап пайдаланылатын жайылымдардың бытыраңқылығы себепті малды алыстағы көктемгі, жазғы және күзгі-қысқы жайылымдарға жаюды керек етеді. Кей жылдары қыстың жұмсақтығына қарай, шаруашылық құрылымдардың малдары көбінесе жайылымда болады.

      Аудан жері көлемінің 74 пайызы жайылымдық жер. Бүгінде соның 27 пайызы ғана қолданыста немесе 757,5 мың гектары ғана игерілген. Егерде, осы қолданыстағы жайылымды пайдалануды талдайтын болсақ, оның 390,9 мың гектары 495 шаруа қожалықтарында, 209407 гектарын мемлекеттік емес ауылшаруашылығы құрылымдары иемденіп отыр. Ауданда біршама шаруа қожалықтары 200-600 гектардан жалға алған жайылымдарын пайдаланбай, малдарын елді мекендер маңындағы жерлерде ұстауда. Мысалы, Ақсан ауылдық округіне қарасты 35 шаруа қожалығының 16-сы, Қызылтау округінде тиісінше 12-ден 8-і, Күркелі округінде 17-ден 8 шаруа қожалығы малдарын шалғайдағы жерлеріне апарып бақпай отыр.

       Елді мекендердің жерлері санатына қарасты 272 034 гектар жайылым алқабының жартысына жуығы ғана суландырылған, яғни бұл жер өз мақсатында толық пайдаланылмай отыр. Ал, босалқы жердегі 435 857 гектар. Міне, осы жерлерді де қолданыстағы жер пайдалану заңдылықтарына сәйкестендіріп, мал азығы қажеттілігіне игеру жолдарын ойластыру қажет.

       Ауданда табиғи жайылымдардың маусымдық сипаты анық байқалады. Олардың климат жағдайына байланысты, орташа алғанда, 15 миллион центнер жем-шөптік бірлікке тең қоры бар, соның ішінде жазғы маусым үлесіне 20-25 пайызы, көктемгі-күзгі маусым үлесіне 45-50 пайызы және қысқы маусым үлесіне 25-30 пайызы келеді. Қазірде бұрынғы кеншарлардың малдары жайылған жайылым учаскелерінің едәуір бөлігі түрлі себептермен толық пайдаланылмайды. Елді мекенді жерлердегі тұрғындардың қолында біршама малы бар. Жеке меншік иелері, кейбір шаруа қожалықтары малдарын шалғай, құнарлы жайылымдарға шығаруға, жайылым ауыстырып отыруға көңіл бөлмейді. Қысы жазы бір орында отырудың әсерінен, жер тозып, мал азықтық өсімдіктердің түрі азайып, жайылымдар шаруашылық айналымынан шығып, эрозияға ұшырауда.

 

Аудан көлеміндегі жайылымдарды тиімді пайдалану

 

       Ауданда 13 ауылдық округ, 1 кент орналасқан. Негізінде, ауылдық округтерде төрт түлік малдың басым көпшілігі ауылда қолда ұсталып, жылына алты- жеті ай бойы ауыл маңында жайылады, яғни мал ауылдан 1-2 километрден қашыққа ұзамайды. Қазірде бұл жерлердің басым бөлігі іс жүзінде бүлінген, әрі тозған. Себебі, халықтың жеке ауласындағы мыңнан астам малы мен алыс жайылымға көшпейтін шаруа қожалықтарының малдары осы жерде ұсталады, тиісінше бұл аймақтағы малдың тығыздығы қолданыстағы шектеулі мөлшерден (нормативтен) бірнеше есе жоғары.

 

 

Аудан көлеміндегі жайылым пайдаланудың қазіргі жағдайы

 

      Іс жүзінде қолда бар 2 179 974 гектар жайылымдық алқаптың 16 пайызы, немесе 340 мың гектары мал жаюға қолданылып отыр. Бұл жерлердің көбі ауыл маңына жақын орналасқан, ал кейбір жайылымдық жерлер белгісіз себептермен тиімсіз пайдаланылуда.

      Ауыл шаруашылығын жекешелендіру кезінде ауылдан шалғай жатқан бұрынғы совхоздардың

жайылымдары бос қалды, олардың орнында қалғаны жауапкершілігі шектеулі серіктестікке, өндірістік кооперативтерге өтіп кетсе немесе қыстақтарында отырып қалған, немесе шаруа қожалығын құрған малшылар есепсіз алып алған болуы мүмкін. Осындай жағдайларда, кейбір ауылдық округтерде жайылым жетіспеушілігінің күрделеніп бара жатқандығы байқалады.Ал аудан бойынша жоғарыда айтылғандай, жайылымның жартысынан көбі пайдаланылмай жатыр.

      Қазіргі уақытта, ауыл аумағындағы жайылымды пайдалану тәртібінің сақталмауынан және малды шамадан тыс көп шығаруы, күтілмеуі себепті, мал азықтық өсімдіктер қоры жылдан -жылға азая беруде. Мұның салдарынан, ондай жайылымдарды мал жемейтін шөптер есекмия, итсигек, адыраспан, шоғайна сияқты тағы басқа ірі сабақты өсімдіктер басып барады.

      Сондықтан, қазіргі кезеңде малы көп елді мекендерге малдарын бағу үшін суаратын суы бар шалғай жайылымдарда бағуды және оны 2 учаскеге бөліп ұйымдастыру қажет деп жоспарлап отырмыз. Оларды кезектестіріп пайдалану, яғни ауыстырып пайдалану (1 учаске-бірінші жылдың алғашқы жаю кезеңінде, 2 учаске-жаю кезеңінің ортасынан аяғына дейін пайдаланылады) өсімдікті қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл қарапайым ғана жайылым айналымы жеке меншік иелерінің өрістерін жаңарту қажет екендігіне көздерін жеткізіп, жерді одан әрі маусымдық пайдалануға жол ашады деген ойдамыз.

       Жалпы, ғылыми тұрғыда негізделген тәжірибеде жайылымдардың өнімділігін ұзақ жылдар сақтау үшін жайылым пайдаланушылар үш негізгі талапты ескеру қажет:

       1) Жайылым учаскесінде малдың мөлшерлі санын сақтау;

      2) Жайылымды пайдаланып болғаннан кейін жалпы өнімнің 30-40 пайызы сақталуы тиіс;

       Жайылымда мал жайылып болғаннан кейін, өсімдіктің биіктігі 4-5 сантиметр болуы қажет. Себебі, аласа өсімдіктің мал түгелге жуық жапырағын жеп қояды да, қысқа қарай олардың қоректік заттар қоры аз қалады.Кейде қыста үсіп кетеді, ал аман қалғандары көктемде қайта көктегенмен оттық сапасы нашар болады.

      3) Мал жаю мерзімін қатаң сақтау. Мал жаюды көктемде, шамамен, көп жылдық шөптер бой көтеріп, олардың көбі түктену (астық тұқымдастар), енді біреулері бұтақтану (жартылай бұталар) кезеңіне жеткен соң 10-12 күннен кейін бастау керек.

      Осы ережелерді сақтамау жайылым өнімінің келер жылы күрт төмендеуіне әкеп соғады. Дегенмен де, түрлі себептермен жайылым оты мөлшерінің жыл бойы талай өзгеріске түсетіні белгілі.

       Бүгінде, жалпы жайылым мен шабындықтардағы өсімдіктердің геоботаникалық құрамы түбірімен өзгерді. Мұндай жағдай жерді мелиорациялауды басқа да агротехникалық шараларды жүргізуді қажет етеді. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіру керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін ауыспалы жайылым, тәсілін ғылыми негізде жүргізген жөн.

 

Жайылым айналымының сызбасы

 

         Жайылым айналымының сызбасы жайылымдарды геоботаникалық зерттеу негізінде әзірленген.

         Жайылым өнімділігін арттыруда үйірлі және отарлы учаскелерді,  кезекті оталған жерлерді, жазғы лагерьлерді, су құрылыстарын және мал өтетін өткелдерді орналастырудан тұратын олардың аумақтарының дұрыс ұйымдастырылуы маңызды.

         Жайылым өнімділігін арттыру және ауылдық округтерде шөптердің құрамын жақсарту мақсатында жайылым айналымдары ұйымдастырады.

         Жайылым айналымы – шөптерді жаңғырту және жақсарту бойынша басқа да іс-шаралармен ұштастыра отырып, жылдар бойынша жекелеген учаскелерде дәйекті кезектесу жаю, демалу және шөп шабу арқылы жайылым өнімділігін арттыруға бағытталған, жайылымды пайдалану және оларға күтім жасау жүйесі.

         Жайылымды пайдаланудың пайдалы және шалғайлы екі жүйесі бар. Біріншісі, егер жайылым малдың ауласынан 3 км-ге дейінгі арақашықтықта орналасқан жағдайда, екіншісі жайылымдардың үлкен алыстығы болған жағдайда мүмкін. Мал шалғай жүйесі кезінде, барлық жайылым кезеңінде жайылымда қалады.

         Жануарлардың демалысы жайылымда ұйымдастырылады. Малды сауу үшін орындар талап етілмейді, себебі, шалғайдағы учаскелер бойынша сауын табының сиырлары жоқ.

         Егер тұрақты тұрақтарды ұйымдастыру болмаса, уақытша қоныстық жерлер орнатылады. Онда өндірістік процестер (жануарлардың демалысы немесе түнеуі) бір орында 2-3 күн, бірақ 4-5 күннен артық емес жүргізеді. Тұрақ орнының жиі ауысуы санитарлық-профилактикалық іс-шара болып табылады.

         Күндізгі демалыс немесе түнеу орындарында үнемі тұз-жалағыш немесе арнайы тұзды науалар болады.

Суаттар құрылғылары. Бөліп қойған орындарда сиырлар күніне 5 рет су ішеді. Жазғы жайлау кезеңінде су қажеттілігі аз. Көктемде шүйгін көгалда жануарларды 1-3 ретке дейін, ал жазда күн ыстықта 5-7 ретке дейін суару қажет.

 

         Құдықтардан суаруды ұйымдастыру кезінде алаңдардың айналасын ірі құммен төсейді немесе себеді, құдыққа лас су мен жауын-шашын тимеуі үшін еңіс құрады. Құдықтар лотоктармен, ішкі жағынан беті тегіс суат жолым астаумен жабдықталады

 

Малдар өтетін өткелдер үшін сервитуттар туралы мәлімет

 

         Мал өтетін өткелдер жеткілікті енімен, жануардың қысылмауы үшін орналастырылады. Мал өтетін өткелдердің ені ірі қара мал үшін 100 басқа  20-25 м, бір жылға дейінгі төлдерге 10-15 м, жылқылардың табындарына 15-20 м, қойлардың отарына 500-600 басқа – 30-35 м. Малдар өтетін өткелдердің орналасуы жайылымдардың орналасу сызбасыеда қарастырылған.

         Мал өтетін өткелдері табиғи шөптердің және ауыл шаруашылығы дақылдарының тапталуын алдын алу үшін көзделген.

Мал өтетін өткелдерді орналастыру ауыл шаруашылығы алқаптарының қызмет көрсетілетін барынша қамту есебінен жүргізіледі.

          Мал өтетін өткелдерді орналастыруға қойылатын негізгі талаптар мынадай:

үйірлі (отарлардың) учаскелермен және қашалардың су көздерімен, жазғы лагерьлермен, фермалармен, мал азықтық себу айналымымен (өрістермен) арасындағы, бағу және т.б. қарастырылған қысқа байланысты жүзеге асыру.

Жайылымдық алқаптарда  мал өтетін өткелдер үйірлі (отарлы) учаскелердің, жайылым айналым өрістерінің шекараларымен біріктірілген.

         Функционалдық рөлі бойынша мал өтетін өткелдері магистральдық (кешендер, поселкелерден жайылымға дейін) және ішкі жайылымдарға (жазғы лагерьлерден өрістерге, жайылым айналымының учаскесіне, мал суаруға дейін) бөлінген. Мал өтетін өткелдердің ені жануарлардың санына байланысты және келесі мөлшерлерде белгіленеді: а) магистральдық 20-40 метр, ішкі жайылымды 10-20 метр.

         Мал өтетін өткелдердің тас жолынан басқа, жайылымдарда әкімшілік-шаруашылық орталықтарының жайылым орталықтарымен, жазғы лагерьлермен, жайылым айналымының өрістерімен суармалы жол байланысы қарастырылған.

         Мәдени және құрғақ жайылымдар жоқ.

 

Жайылымдардың геобатаникалық тексерісінің жағдайы туралы мәліметтер

 

         Жайылым өнімділігін анықтау үшін 1984 жылы «Целингипрозем» Павлодар филиалының мамандарымен жүргізілген геоботаникалық тексерісінің деректері алынды. Жайылымдық алқаптың құрғақ массасының орташа өнімділігі 4,5 ц/га, қайра есептегенде мал азықтық бірлік 2, 16 ц/га.

         Жайылымдардағы жемдердің қоры ұзақтығы 180-190 күн, жайылым кезеңінде пайдаланылады. Шабындықтардан және жасанды шабындықтардан жемдердің қоры бөлініп қойылған орындар кезеңінде пайдаланылады.

         Бір шартты басқа («Экономика және ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырылуы бойынша нормативтік анықтама» сәйкес, 1957 ж.) жемдердің санын біле отырып, әр кезеңде табынның санын есептеуге мүмкін болады, және жайылым кезеңінде оларды ұстауға болады. Осы есептеулер тек бір рет оталған жер есебінде және есебінсіз өсімділігі  кезінде жүргізіледі.

         Атап өтетін жағдай Баянауыл ауданы, Шөптікөл ауылдық округі бойынша  жайылымдардың геобатаникалық тексерісі әзірленбеген (жасалынбаған).

Аудан көлеміндегі малдәрігерлік – санитариялық обьектілер туралы мәлімет

      Аудандағы малдәрігерлік пункттер толық мал дәрігері мамандарымен толықтырылған, толықтай жабдықталған (компьютер, тоназытқыш, қажетті саймандары). Ауылдық округтер бойынша мал жайылымға шығар алдындағы жылма – жылғы жоспарланған эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспары, мал дәрігерлік алдын-ала егу, аллергиялық және серологиялық тексеру жұмыстары толық орындалып келеді.Ауыл маңындағы жайылымдарда малдәрігерлік тексерістен өтіп отырады.Кестеде көрсетілген округтерде мал тоқыту орындары белгіленген.

Р/с

Ауыл округі

Мал дәрігерлік пункттері

Мал көмінділері

1

Ақсан

1

1

2

Баянауыл

1

1

3

Бірлік

1

1

4

Жаңажол

1

1

5

Жаңатілек

1

1

6

Қаратомар

1

1

7

Құндыкөл

1

1

8

Күркелі

1

1

9

Қызылтау

1

1

10

Майқайың

1

2

11

Сатпаев

1

2

12

Торайғыр

1

1

13

Ұзынбұлақ

1

1

14

Шөптікөл

1

1

Барлығы

14

16

      Мал арасында инфекцияның таралуына оларды қалай болса солай күтіп-бағу, шағылыстыруда, төлдетуге, мал денсаулығына бақылаудың жоқтығы, малды біріктіру, топтау ережелерінің бұзылуы тағы басқасына әкеп соғады. Сондықтан, малды күтіп-бағып жайылымды пайдаланудың мал дәрігерлік - санитарлық және зоогигиеналық ережелерін қатаң сақтау қажет. Ауру шыққан жерлерде малдарға вакцинация жасау, дезинфекциялау, дератизациялау жұмыстарын жүргізу тиіс.

кесте 2

     Мал және әдейі ауланып жойылған қаңғыбас иттермен, мысықтар өлекселері арнайы мал қорымдарына тасталады. Бірақ, бұл мал қорымдары, қарабайыр, қазіргі малдәрігерлік талаптарға сай жасалмаған. Биылғы жылы әр округте талапқа сай биотермиялық шұңқырлар, яғни мал қорымдарын салу жоспарланған.Алайда, бұл жұмыстар әлі басталған жоқ. Жалпы, мұндай мал қорымдары аудандағы елді мекендердің барлығында да болуы тиіс. Өйткені, үй жануаларының өлескелерін дер кезінде жинау және жою жұқпалы аурулардың алдын алу болып

табылады. Олар топырақты, өсімдіктерді суды және ауаны ластайды.

 

Елді мекенді жерлердегі жайылымдарды маусымдық пайдалануды ұйымдастыру

      Ауданда 39 елді мекен бар. Олардың барлық жер көлемі 295 334 мың гектар,оның 272 034 мың гектары жайылым. Ал, осы жайылымды елді мекендердегі жеке қожалықтар малының әр басына тиісті мөлшер бойынша есептегенде өте аз. Мысалы, Күркелі ауылында 1 097 бас ірі мүйізді қара, 1 712 бас қой мен ешкі, 416 бас жылқы. Осы малдарға тиісті мөлшер бойынша 13 991 гектар жайылым оты қажет, ал ауылдын өзінде 4425 гектар, яғни 9566 гектар жайылым жетіспейді. Сондықтан, әрбір отбасындағы қүнделікті қолданыстағы мал басынан басқа малдарды түріне қарай мал дәрігерлік талаптарға сәйкес біріктіріп, кенттің босалқы жердегі жайылымға шығарып бағуды ұйымдастыру жоспарланып отыр.Әрине, ауыл тұрғындарының малдарын біріктіріп бағудың барлық қажетті жағдайы, яғни бағатын отбасының немесе шаруа қожалықтарының еңбек ақылары, тұрмыстық, әлеуметтік мәселелері түгелдей шешілуі керек. Сондай-ақ, елді мекендерде малшыларды киіз үймен қамтамасыз етіп, адам мен мал қауіпсіздігіне кепілдік беруі тиіс. Бұл қадам, Елбасының тапсырмасына сәйкес, кооперативтерге бірігудің бір қадамы болмақ. Ал, кенттегі шаруа қожалықтарының малына жетіспейтін жайылымдарды қосымша жалға жер алып, малдың отының көлемін кеңейту жолымен шешіледі.

           Осылай барлық ауылдық округтегі жайылымды пайдалануды сипаттауға болады.

кесте 3

Р/с

Ауыл округі

Ірі қара мал

Уақ мал

Жылқы

1

Ақсан

3389

5403

2608

2

Баянауыл

1838

1683

120

3

Бірлік

4426

5940

2596

4

Жаңажол

2311

2618

1101

5

Жаңатілек

6208

6916

2400

6

Қаратомар

5230

3802

393

7

Құндыкөл

4000

9459

1603

8

Күркелі

5384

7951

1637

9

Қызылтау

8707

22520

4620

10

Майқайың

2129

1883

55

11

Сатпаев

5756

12656

2175

12

Торайғыр

4653

7192

2624

13

Ұзынбұлақ

6095

6275

2159

14

Шөптікөл

1490

874

948

 

Барлығы

61 616

95 172

25 039

      Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарға қажеттілік жоқ.

 

Шалғайдағы жайылымдарды тиімді пайдалану мақсатында жайылым айналымы схемасын жасақтау

      Баянауыл ауданының жайылым алқабы қазіргі мал басын толықтай қамтамасыз етеді. Ғылыми дәлелденген тәжірибеде, жемшөптің жылдық балансында жайылымдылық мал азығы 60-70 пайыз құрайды. Ауыл маңындағы өрістерді тыныстантырып, демалдыру үшін маусымдық жайылымдарды көшпелі жолмен дәстүрлі пайдаланған жөн. Маусымдап пайдаланылатын далалық жайылымдарға малды, күні бұрын белгіленген учаскелерге бөліп, алмастырып жаю керек. Сондай - ақ, ең бастысы, малдың пайдалы заттарға бай, жеңіл сіңірілетін табиғи жайылымдарға қол жеткізудің амалдарын ғылыми тұрғыдан және заң шеңберінде реттелетін жағдайда қалыптастыру қажет.

Аудан бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану үшін қосымшаларға сәйкес схемалары әзірленді: құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасын); жайылым айналымдарының қолайлы схемалары; жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы; жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы; жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы; аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы (1-24 қосымша).   

Жайылым отын тиімді пайдалану, оны пайдалану мерзімінің түрлі схемасын кезектестіру жолымен жүргізіледі. Жайылым айналымы дегеніміз, табиғи жайылымдарды бір жылдан немесе бірнеше жылдан соң қайталанатын және оның өнімділігін төмендетпей, жақсартуға бағытталған шаралар жүйесі болып табылады. Мәселен, біздің облыс жағдайында далалық және құм жайылымдарын пайдалануды мал жаю маусымын 4 жылдық жайылым айналымында кезектестіре отырып ұйымдастыруға болады. 1 жылы - көктемде, 2 жылы - күзде, қыста, 3жылы - жазда, 4 жылы - қыста, көктемде. Осылай жайылымның геоботаникалық, сумен қамтылу жағдайларына қарай пайдаланылады. Бұл үлгі ретінде. Жалпы, жайылым айналымын қолдану және қоршап пайдалану жүйесі, маусым - маусым бойынша кезектестіруге, өсімдіктердің өнімділігін сақтауға мүмкіндік береді.

       Аксан, Кызылтау, Күркелі  ауылдық округтеріндегі кең таралған жусан мен әртүрлі шөптерден тұратын жайылымдар үшін барынша қолайлысы - жыл сайын ретімен, жылдың барлық маусымында мал жайып, кезек-кезек 4-белдеулі жайылым айналымын жасау. Әрбір загон, яғни малды қоршап бағатын учаскелер жыл бойы тек бір маусым пайдаланылуы тиіс, егер учаске көктемде пайдаланылса, келесі жылы бұл учаске - жазда, ал келесі жылы-күзде пайдаланылуы тиіс. Тек осы жағдайда ғана жайылымдық өсімдіктердің тұқым тастауы мүмкін, және азып тозған учаскелер бұрынғы өнімділігін қалпына келтіре алады. ------

       Сондай-ақ, ауданның шөл және шөлейт жайылымы жағдайында ауыспалы жайылым–шабындық айналымының мынадай да схемаларын ұсынуға болады. Шөп өсу қабілетін қалпына келтіруді керек қылатын, мықтап тозған жайылымдар үшін үш жылдық ауыспалы жайылым шабындық айналымын пайдалану қолайлы.

      1 жылы- шөптер жаппай немесе үстеп егіліп, тынықтырылады;

      2 жылы –тынықтырылады немесе шөбі кем (сепкен шөптердің дәні піскеннен кейін) шабылады;

      3 жылы- мал жайылады, немесе төрт жылдық айналымда, алдыңғы жылдары жоғарыдағы ретпен қайталанады да;

      3- 4 жылдары мал жайылады.

      Жайылымдарды түбірлі жақсарту үшін изен, терескен, бидайық, жусан тәрізді аридті дақылдар өсіру ұсынылады. Бұл өсімдіктер ауа және топырақ қуаңшылығын жақсы көтереді, ең қуаң жылдары өз өсуі мен дамуын тоқтата тұрады, ал жауын-шашын болған кезде ылғалды тез пайдаланып, жедел дами бастайды, бұл біздің жалпы барлық аудандардың табиғи жағдайында өте маңызды болады. Мал азықтық өсімдіктерді көбейтудің мол резерві осында

      Осындай ретпен, бес-алты жылдық жайылым айналым жасауға болады және мал жайылатын жердің аумағы, шөптің өніміне, тұрақтылығына, мал басының өсуіне қарай өзгереді.

 

Ауыл шаруашылығы малдарының жаюдың және айдаудың маусымдық маршрутарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі.

кесте 4

Ауыл  округі

Шалғай жайылымға малдардың айдан шығарылу мерзімі

Шалғай жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі

Ескерту

1

Аксан

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

2

Баянауыл

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

3

Бірлік

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

4

Жаңажол

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

5

Жаңатілек

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

6

Каратомар

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

7

Күркелі

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

8

Кызылтау

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

9

Құндыкөл

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

10

Майқайың

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

11

Сәтбаев

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

12

Торайгыр

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

13

Ұзынбұлақ

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

14

Шөптікөл

Сәуірдің 2 жартысы

Қазан 2 -ші онкүндігі

 

Сонымен қатар жайылымның кезеңінің ұзақтығы.

Топрақтық-климаттық аймаққа, ауыл шаруашылығы жануарлар түріне, сондай-ақ жайылым өнімділігіне байланысты жайылымның ұзақтық кезеңі:

- орташа қуаң дала – 160-180 күн,

- орташа құрғақ дала – 180-200 күн.

Бұл ретте ірі қарам малды жрю ұзақтығы – ең кіші, ал қой, жылқы үшін – максимальды және қар жамылғысының тереңдігіне, қардың тығызыдығына және басқа да факторларға байланысты.  

Қорытынды

       Елімізде мал шаруашылығы саласын дамыту бірінші кезекте, жемшөп қорын тұрақты жолға қойып және оны нығайтып отыруға байланысты. Мал азығының негізгі құрамы жайылым оты болып табылады. Заңның талаптарына сәйкес, ауданда жайылымдық жерлерді тиімді пайдалануды ұйымдастыру, жоспарлау, басқару жүйесіне қатысты біршама іс- шараларды жүргізуді қажет етеді. Жайылымдық ресурстарды ұтымды және тұрақты басқару туралы мәселелер бүгінде өзекті. Бұл туралы Елбасы өзінің "Қазақстан-2050" Стратегиясында отандық мал шаруашылығын бұрыннан қалыптасқан тарихи дәстүрлерді және жаңа ғылыми техникалық басқаруды ескере отыра қайта жандандыру керек екенін атап өткен болатын.

      Бір сөзбен, осы жоспарда ауданда мал шаруашылығы саласын дамыту үшін табиғи жайылымдарды ұқыпты пайдалануды реттейтін нақты шаралар көзделген. Егер, ауданда жайылымдық алқаптарды тиімді пайдалану жолға қойылатын болса, мал басын өсіруге одан өндірілетін ет, сүт тағы басқа да өнімдерді арттыруға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы