АҚПАРАТТЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

«Щербакты ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2019 жылдың 9 тамызда сағат 11 00-де мемлекеттік меншіктегі жер телімдерінің жалдау құқығын сату бойынша және ағылшын  әдісі бойынша жер пайдалануға берілмеген жер телімдеріне аукцион өткізеді. Сауда-саттық  Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік, 57,  «Шарбақты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, мекенжайы бойынша өтеді.

Сауда-саттықта сату үшін ұсынылып отырған жер телімдерінің

тізбесі және олардың құқығы

р/с

Жер телімінің орналасқан жері

Жер телімінің

мақсатты нысаны

Жер телімінің ауданы, га

Құқық 

түрі

Бағалау төлемінің сомасы

Жалдау ақысының сомасы, теңге

Сауда-саттықты  өткізу тәсілі  мен әдісі

Бастапқы бағасы,

(теңге)

Кепілдік  жарнаның сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

7

8

9

9

1

Шарбақты ауданы, Шарбақты а.о., Шарбақты ауылы, В.Поляков көшесі

 Темір жол тұйығы  және өндірістік объектілер құрылысы үшін

6,2439

3 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану

21 853 650

35 965

Аукцион, ағылшын әдісімен

1 311 219

126 250

2

Шарбақты ауданы, Шарбақты а.о., Шарбақты ауылы, В.Поляков көшесі

Қойма бөлмежай құрылысы үшін

1,7935

3 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану

6 277 250

10 331

Аукцион, ағылшын әдісімен

376 635

126 250

3

Шарбақты ауданы, Шарбақты а.о., Шарбақты ауылы,  9 май көшесі

Нан қабылдау пункті және  темір жол тұйығының құрылысы үшін

5,0685

3 жылға уақытша өтеулі жер пайдалану

17 739 750

29 195

Аукцион, ағылшын әдісімен

1 064 385

126 250

 

Конкурсқа қатысушыларды тіркеу, қабылдау: Аукционға қатысушылардың өтінімдерін тіркеу хабарландыру жарияланған күннен бастап  жүргізіледі және аукционның басталуына 24 сағат қалғанда аяқталады. Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды тапсыру қажет: 1) жер телімінің жалдау құқығын  сату жөнінде аукционға қатысуға өтінімді; 2) кепілдік жарнаның енгізілгендігін растайтын төлем құжатын; 3) өкілеттің өкілеттілігін куәландыратын құжатты. Көшірмелердің дұрыстылығын растау үшін түпнұсқаларды салыстыру үшін беріледі.

Кепілдік жарна әрбір сауда-саттықтың объектісі бойынша «Щербакты ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ депозиттік шотына кез келген банк арқылы № 9-бағанындағы жоғарыда көрсетілген  тізілім мөлшерінде енгізіледі. 

Сауда - саттықтарға қатысуға өтінімдер мына мекенжай бойынша қабылданады: Шарбақты ауылы, Тәуелсіздік, көшесі, 57,  2  кабинет, телефон: 21651.

Конкурстың өткізу талаптары: Аукционшы объектінің  бастапқы бағасын және бағаның өсу қадамын хабарлайды. Сауда-саттықта қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы сауда-саттық процесінде қадамдардың өзгеруі туралы хабарлайды. Бұл ретте, қадам объектінің ағымдағы бағасының бестен он пайызына дейінгі  шектерде өзгереді.

Аукционшы, қолайлылық үшін, ағымдағы қадамның бірден екі  бөлігінен аспайтын мөлшерге объектінің бағасын дөңгелендіреді. Аукционшы объект бойынша  аукционға қатысушылардың  аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін  неғұрлым жоғары баға ұсынған  қатысушының аукциондық нөмірін хабарлайды. Аукционшы объектінің  соңғы бағасын үш рет  қайталайды және басқа көтерілген аукциондық нөмірлері болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды.

Сауда-саттықты ұйымдастырушы сауда-саттықтың алдында  сауда-саттыққа қатысушылардың санын белгілейді. Егерде осы жер телімі немесе жер телімінің жалдау құқығы бойынша  сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болса, сауда-саттық өтпеген болып саналады. Егерде объект бірінші аукционда сатылмаған жағдайда, ол келесі аукциондарға сатуға қойылады.

Жер телімдерінің жалдау құқығын сату шарттары: мақсатты нысанына сәйкес пайдалану,  жалдау құқығын сатып алу - сату келісім шартын жасасу, белгілі бір жерде  жер телімінің шекарасын белгілеу,  жер теліміне жалдау келісім шартын жасасу, объектіні жобалау үшін сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу, келісімді қамтамасыз ету және инженерлік коммуникацияларды ауыстыру (олар болған жағдайда). 

Төлемнің нысаны мен шарты: сатушы мен сатып алушының арасындағы сатып алу – сату  келісім шарты бойынша есеп жүргізіледі, бұл ретте сатып алушы  мынадай тәртіпте есеп жүргізеді:

елу пайыз мөлшердегі аванстық төлем сатып алу - сату келісім шартына қол қойылғаннан күннен бастап банктік бес күннен кешіктірілмейтін мерзімде төленеді. Кепілдік жарна тиісті аванстық төлемнің есебіне жатқызылады.

қалған сома жалдау құқығын сатып алу - сату келісім шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірілмей енгізіледі.

Жер телімін  немесе жер телімінің жалдау құқығын беру туралы  жергілікті атқарушы органның шешімі аукцион аяқталғаннан кейін екі жұмыс күннен кем емес мерзімде қабылданады.

Жергілікті атқарушы орган шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде сауда-саттықтың объектісін сатып алу - сату келісім шарты жасасылады.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы