Введите ваш запрос для начала поиска.

«Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ

Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі (бұдан әрі-Бөлім) мемлекеттік мекеме болып табылады және аудан әкімдігінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы №219/11 қаулысына сәйкес «Баянауыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.

Бөлімнің орналасқан мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 140300, Павлодар облысы,Баянауыл ауданы; Баянауыл селосы; Сәтбаев көшесі 49, байланыс телефоны 9-13-43

Бөлімнің қызметі аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылады.

Бөлімнің негізгі міндеттері:

  • жер ресурстарын басқару мен қатынастарын реттеу саласында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу, жер заңнамасы ережелерінің қатал орындалуы;
  • жер мониторингін және мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді ұйымдастыру, жер учаскесінің меншік иелері және жер пайдаланушылар, жердің бары, оларды санаттарға, алқаптарға бөлу туралы;
  • жерге орналастыру жобаларын бекіту және азаматтар мен заңды тұлғалар жер учаскелерін жеке меншігіне және пайдалануға беру туралы құжаттармен қамтамасыз ету;
  • мемлекеттік жер қатынастары саласындағы мүдделерін қорғау;
  • жерді аймақтарға бөлу негізінде оның пайдаланылудың жоспарлау мен болжамдауды ұйымдастыру, жер учаскелерінің шекарасын белгілеу;
  • мемлекеттік жеке меншікке сататын немесе жерді пайдалануға беретін нақты жер учаскелерінің бағалық құнын анықтау;
  • аудан бойынша жер учаскелерін сатып алу мен жалға алу туралы келісім шарттардың жасалуын қамтамасыз ету;
  • жер учаскелерінің бөлінетінін және бөлінбейтінін айқындау;
  • жерге құқықты куәландыратын құжаттарды беру;
  • жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын нобайлар, жобалар және аудандық бағдарламалардың сараптамаларын жүргізу;
  • ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрінен екінші түріне ауыстыру;
  • Жер Кодексінде және Қазақстан Республикасының заң актілерінде; белгіленген құзыреті шегінде өзге мәслелерді шешу.

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыс, аудан әкімдіктерінің қаулыларын, басқа да нормативтік актілерді жүзеге асыруда ат салысады.





















































2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы