БАЯНАУЫЛАУДАНДЫҚ  МӘСЛИХАТТЫҢ ШЕШІМІ

Жарияланған: 22.12.2017


Жоба

БАЯНАУЫЛАУДАНДЫҚ  МӘСЛИХАТТЫҢ

ШЕШІМІ

Баянауыл ауылы № _____ « ___ » ______ 2017 жыл

Сот шешімімен коммуналдық

меншікке түскен болып танылған

иесіз қалдықтарды

басқару туралы қағидаларын бекіту

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының № 148 Заңына сәйкес Баянауыл ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Аудандық мәслихат хатшысы

Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз
қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің
20-1 бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру үшін аудан әкімдігі комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады, оның құрамына аудан әкімінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласына жетекшілік ететін орынбасары және тиісті мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың өкілдері кіреді.

Комиссияның жұмысшы органы «Баянауыл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып (бұдан әрі – бөлім) табылады.

Комиссия осы Қағидалардың 1 қосымшасына сәйкес нысан бойынша иесіз қалдықтарды коммуналдық меншікке беру туралы акт жасайды.

4. Иесіз қалдықтарды басқаруды бөлім жүзеге асырады.

5. Иесіз қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған
иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бөлім дербес немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып:

1) қалдықтардың қауіпті қасиеттерін зерделеу;

2) олардың қауіптілік деңгейін анықтау;

3) Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрнің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 169-ө «Қалдықтар сыныптамасын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 2 шілдеде № 4775 болып тіркелген) бұйрығы негізінде кодын анықтау жұмыстарын жүргізу. Қауіпті қалдықтар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128-ө «Қауіпті қалдықтар паспортының нысанын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 11 маусымда № 4720 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген нысан бойынша қауіпті қалдықтар паспорты жасақталады.

Сонымен қатар бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес бағалау қызметі саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып, қалдықтардың құнын анықтау жұмыстарын жүргізеді.

Бөлім жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанына дейін өндіріс және тұтыну қалдықтарының мемлекеттік кадастрында есепке алу үшін Баянауыл ауданының әкімдігіне қалдықтардың көлемi, түрлерi, орналасқан жерi, жай-күйi және оларды басқару жөнiндегi қабылданып жатқан шаралар туралы ақпаратты электрондық және қағаз тасымалдағыштарда есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша береді.

7. Қауіпті қалдықтар анықталған жағдайда, халықтың қалдықтарға қолжетімдігін болдырмаудың алдын алуды, оларды оқшаулауды, олардың топырақ жамылғысына, су ресурстары мен атмосфералық ауаға теріс әсерiн азайту жөнiндегі шараларды бөлім қамтамасыз етеді.

8. Егер Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес қалдықтардың қорытынды құны нөлге тең деп анықталса, онда мұндай қалдықтарға осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен оларды ақысыз негізде өткізу бойынша нормалар қолданылады.

9. Қалдықтарды бөлім заңды және жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы қолданыстағы заңнамасына сәйкес анықталатын бағалау құнынан төмен емес баға бойынша конкурс өткізу арқылы сатады.

10. Конкурсты дайындауды және өткізуді бөлім жүзеге асырады. Баянауыл ауданы әкімдігімен Баянауыл ауданы әкімдігі бөлімдерінің мүдделі

өкілдерін және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін қоса отырып конкурстық комиссияның құрамын қалыптастырады.

11. Конкурстың шарттарын Баянауыл ауданы әкімдігі анықтайды.

12. Бөлім еркін нысандағы жазбаша өтініш негізінде конкурсқа әлеуетті қатысушыларға конкурсқа қойылатын қалдықтар объекті бойынша құжаттар пакетінің көшірмелерін ақысыз ұсынады.

Құжаттар пакетін бөлім қалыптастырады және ол конкурстық ұсыныс әзірлеу үшін өтініш берушіге қажетті мынадай ақпараттан тұрады:

1) қалдық туралы тарихы анықтама;
2) қалдықтардың сандық-сапалық сипаттамасы туралы ақпарат;
3) қалдықтардың қасиеттері туралы ақпарат;
4) қоршаған ортаға әсері туралы мәліметтер.

13. Конкурс қатысушылардың аясы шектелмеген тобы арасында және ашық тәсілмен өткізіледі. Ашық конкурс өткізу туралы хабарландыру Баянауыл ауданының таратылатын мерзімді баспа басылымдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

Конкурсты өткізу мерзімін бөлім конкурс жарияланып отырған қалдықтар объектісінің ерекшелігіне қарай, бірақ конкурсқа қатысуға конкурстық ұсыныстарды қабылдау аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей анықтайды. Бір мезгілде хабарландыру Баянауыл ауданының ресми интернет-ресурсында орналастырылады.

14. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мыналарды қамтиды:
1) конкурсты ұйымдастырушының атауы және қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау орнының мекенжайы;

2) өткізу уақыты мен орны;

3) қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім беру мерзімі;
4) конкурстың негізгі шарттары;

5) конкурсқа шығарылатын қалдықтар объектісінің орналасқан жері мен қысқаша сипаттамасы;

6) ақы төлеу үшін деректемелерді көрсете отырып, конкурсқа қатысу құқығы үшін қалдықтар объектісін бағалау құнының бір пайызын құрайтын жарнаның мөлшері.

15. Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімдерді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды бөлім мерзімді баспа басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күнінен бастап жүзеге асырады және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау күніне үш күнтізбелік күн қалғанда аяқтайды.

16. Әлеуетті қатысушылар өтінімдерін осы Қағидалардың
2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша беттері нөмірленіп, тігілген түрде ұсынады, соңғы бетіне олардың қолдары қойылып, мөр басылып куәландырылады.
Конкурсқа әлеуетті қатысушы қажет болған жағдайда конкурс шарттарының талаптарына сәйкес жұмысты орындау немесе қызмет көрсету үшін қосалқы мердігерлерді (бірге орындаушы) тартады, бірақ қызмет, жұмыс көлемінің үштен екі бөлігінен артық болмауы тиіс.

17. Конкурсқа қатысушы өтінімдерді қараудың белгіленген мерзіміне үш жұмыс күні қалғанға дейін бөліміне жазбаша түрде хабарлай отырып, өз өтінімін кері қайтара алады.

18. Қарау қорытындысы бойынша комиссия өтінімдерді қабылдау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Өтінімдерді қарау күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде бөлім өтінім берушіге конкурсқа қатысуға жіберілгені туралы жазбаша хабарлама немесе дәлелді бас тарту жолдайды.

19. Бөлім мынадай жағдайларда өтінім қабылдаудан бас тартады:

1) осы Қағидалардың талаптарын бұза отырып өтінім беру;

2) өтінім беруші өтінімінде жалған немесе дұрыс емес мәліметтер беруі;

3) өтінімде өтінім берушінің қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату (қайта өңдеу) үшін қажетті техникалық, ұйымдастырушылық, басқарушылық және қаржы мүмкіндіктері «Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы» (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 5446 болып тіркелді) нысан бойынша салық берешегінің міндетті зейнетақы жарнасы, міндетті кәсіби зейнетақы жарналары мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектiң (бар) жоқ екендiгi туралы анықтама, қаржы мүмкіндіктерін растайтын құжат) бар екені немесе оларға ие болатыны туралы құжат жүзінде растаманың болмауы.

20. Конкурсқа қатысуға дайындық бойынша шығынды қоса алғанда, конкурсқа қатысушылардың жұмсаған шығындары қайтаруға не өтелуге жатпайды. Бөлім конкурстың қорытындысы жарияланған күнінен бастап он жұмыс күні ішінде жеңімпаз деп танылмаған конкурсқа қатысушыларға жарналарын қайтарады.

21. Конкурсқа жіберілген өтінім беруші конкурстық ұсыныс жасайды, оны бөлім конверттерді ашу рәсіміне бір сағатқа дейінгі уақыттан кешіктірмей ұсынады. бөліміне келіп түскен және конкурсқа жіберілген конкурстық ұсыныстар конкурсқа қатысушыларға кері қайтарылмайды.

22. Конкурсқа қатысу үшін конкурстық ұсыныстар мыналарды қамтиды:

1) өтінім берушінің конкурс өткізу тәртібіне және өтінім берушінің міндеттеріне қатысты осы Қағидалардың шарттарымен танысқандығы туралы растауы;

2) жарғы көшірмесі (заңды тұлғалар үшін);

3) әлеуетті қатысушының бірінші басшысын тағайындау (сайлау) туралы құжаттың көшірмесі;

4) жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердігерлердің тізбесі, қосалқы мердігерлерге берілген жұмыстардың көлемі мен түрлері (жұмысқа тартылған жағдайда);

5) конкурсқа қатысу құқығына төленген жарна төлемін растайтын құжат (ақысыз өткізген жағдайда ұсынылмайды);

6) әлеуетті қатысушының қолы қойылған баға ұсынысы;

7) конкурс шарттарын орындауға бағытталуы тиіс бағдарлама (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияны қолдану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі).

23. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысты беттері нөмірленген, тігілген түрде ұсынады және соңғы парағына оның қолы қойылып, мөр басылып куәландырылады.

24. Конкурстық ұсыныстар әлеуетті қатысушыға грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзету қажет болған жағдайды есепке алмағанда, тармақтардың арасында ешқандай да бір артық жазусыз, өшірусіз немесе қоса жазуларсыз ұсынылады.

25. Әлеуетті қатысушы конкурстық ұсынысын конвертке мөр соғып бекітеді. Конвертте әлеуетті қатысушының атауы және заңды мекенжайы көрсетіледі.

26. Конкурстық ұсыныстарды конкурстық комиссия конвертті ашқан күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде бағалайды.

Конкурстық комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді. Хаттамаға конкурстың комиссия мүшелері қол қояды.

27. Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген кезде қабылданды деп саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептелінеді.

Конкурстық комиссияның кез келген мүшесі конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда өз пікірін білдіріп, оны жазбаша баяндайды және конкурс қорытындысының хаттамасына тіркелінеді.

28. Конкурс жеңімпазын конкурстық комиссия мынадай негізгі критерийлер жиынтығы негізінде анықтайды:

1) бағдарламаның іс-шаралары конкурс шарттарын орындауды қамтамасыз етуге тиісті (жобаны іске асыру мерзімдері, технологияларды пайдалану, қаржы мүмкіндіктері, экологиялық заңнамалар талаптарына сәйкестігі);

2) баға ұсынысы.

29. Конкурстың нәтижелері Баянауыл ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында жарияланады, сондай-ақ шұғыл түрде аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылады.

30. Конкурсқа бір ғана өтінім беруші қатысқан жағдайда, конкурс өткізілген жоқ деп танылады.

31. Конкурс өткізілген жоқ деп танылған кезде конкурстық комиссия объектіні конкурстан алып тастайды немесе конкурс өткізуді қайта өткізіледі. Тек бір ғана өтінім берушінің қатысуына байланысты конкурс қайта өткізілген жоқ деп танылған кезде, бөлім конкурстық комиссияның ұсынысы бойынша мұндай өтінім берушімен келіссөздер және уәкілетті органға тиімді шарттар негізінде бөлім үшін тиімділігі конкурстық ұсыныста олар ұсынғаннан кем болмайтын жағдайда келісімшарт жасайды.

32. Конкурс талаптарына сәйкес келетін бірде бір жоба ұсынылмаған жағдайда да конкурс өткізілген жоқ деп танылады.

33. Конкурс жеңімпазымен шарттары Баянауыл аудан әкімдігімен келісілетін қалдықтарды сату туралы келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) жасалады. Келісімшарты қалдықтармен жұмыс жасау және жалпы жұмыстарды қауіпсіз жүргізу, сондай-ақ конкурс женімпазының бөлім бекіткен нысан бойынша орындалған жұмыстары туралы есебін ұсыну Қазақстан Республикасының экологиялық заңңамасының талаптарын сақтау бойынша міндеттемелерді қарастырады.

Есеп бөлімге тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың оныншы күніне дейін ұсынылады.

Келісімшарт талаптары сақталмаған жағдайда бөлім оны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген тәртіппен бұзады және конкурс өткізуді қайта жариялайды.

34. Конкурс екі рет өтпеген деп танылған жағдайда бөлім осы Қағидаларда қарастырылған тәртіппен қалдықтарға ақысыз негізде конкурс жариялайды және өткізеді.

35. Бөлімге қалдықтарды жүзеге асырудан түскен қаражаты мемлекет кірісіне жіберіледі.

36. Осы Қағидалардың 31-тармағымен көзделген негіздемелер бойынша қалдықтарды ақысыз негізде жүзеге асыру бойынша конкурс өтпеген деп танылған кезде, қалдықтар талап етілмеген деп саналады.

Бөлім талап етілмеген қалдықтарды кәдеге жарату және жоюды Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес аудандық бюджет қаражатының есебінен жүзеге асырады.

37. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түсті деп танылған иесіз қалдықтардың объектілері орналасқан аумақтарда қалпына келістіру істері, олар сатылғаннан, кәдеге ширатылған және жойылғаннан кейін Қазақстан Республикасының жер заңнамасындағы талаптарға сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

38. Коммуналдық меншiкке түскен қалдықтармен жұмыс iстеу процесінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару

қағидаларына 1 қосымша

Иесіз қалдықтарды коммуналдық меншiкке беру туралы

Акті

20__жылғы «___»________________ ______________________
(жасалған уақыты) (акт жасалған орын)

Комиссия құрамында
____________________________________________________________________
__________________________________________________________________
20____ жылғы «____» _________ № _____ сот шешiмiнiң негiзiнде
коммуналдық меншiкке мынадай құрамдағы:

Қалдық түрi

Саны
(тонна, м3, га ауданы)

Қалдықтың деңгейі және коды (қалдықтар сыныптамасы бойынша)

Орналасқан жері

Қалдықтардың жай-күйi туралы түсiндірме

         
         

Комиссия мүшелерi (Т.А.Ә., қолы):

Мөрдің орны

Сот шешімімен коммуналдық
меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару
қағидаларына 2 қосымша

Қалдықтарды сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім

1)______________________________________________________________
(өтініш берушінің атауы)

2)______________________________________________________________
(өтініш берушінің заңды мекенжайы және негізгі қызмет орнының мекен жайы)

3)______________________________________________________________
(мемлекеттік тиістілігі (заңды тұлғалар үшін), азаматтылығы (жеке тұлғалар үшін)

4)______________________________________________________________
(басшылары немесе заңды тұлғалар иелері және өтініш берушіні ұсынатын тұлғалар туралы мәлімет)

5) Баянауыл ауданы әкімдігімен анықталған конкурс шарттарын орындауға бағытталған орындалуға тиісті құжатпен расталған өтініш берушінің техникалық, басқарушылық, ұйымдастырушылық және қаржылық
мүмкіндіктері туралы мәліметтер (салықтық берешектiң, міндетті
зейнеткерлік жарналар бойынша берешектің, міндетті кәсіби
зейнеткерлік жарналар және әлеуметтік салымдар бойынша берешектің жоқ
(бар) екендiгi туралы мәліметтер, қаржылық мүмкіндігін растайтын
құжат) қоса беріледі.

_________________ _______ _______
(бөлімнің атауы) (қолы) (Т.А.Ә.)


2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы