«Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

«Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ

Баянауыл ауданы әкімінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы №2-23/60 өкімімен Қабдиев Саят Бақытқалиұлы ішкі конкурс қорытындысы бойынша 2018 жылғы 29 желтоқсаннан бастап «Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Қабдиев Саят Бақытқалиұлы 1984 жылы 11 қыркүйекте Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында туған.

Білімі – жоғары, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген, мамандығы: «Жылу электр станциялары», біліктілігі: «Инженер».

Жалпы еңбек өтілі: 7 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі: 4 жыл.

Еңбек жолы:

2006-2007 жылдары жылжымайтын  мүлік жөніндегі орталығының Баянауыл аудандық филиалының маманы;

2007-2009 жылдары «Баянауыл ауданының құрылыс бөлімі» ММ бас маманы, бастығының міндетін атқарушы;

2009 жылдың мамыр-тамыз айларында «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» ММ құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі;

2009-2010 жылдары «Баянауыл ауданының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы;

2011-2013 жылдары «MeATLINE» ЖШС директорының орынбасары, кейіннен директоры;

2017 жылғы 21 қарашадан бастап «Баянауыл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, аудан әкімінің төтенше жағдайлар, мобилизациялық дайындық және мобилизация жөніндегі бас инспекторы лауазымында қызмет атқарып келді.

8 (71840) 9-22-34, 9-23-54, otdel-stroitelstva@mail.ru

Бөлімнің басты міндеттері:

- аудан аумағында құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;

- аудандық коммуналдық меншік, сондай-ақ әлеуметтік-мәдениет мәніндегі обьектілерінің құрылысы бойынша тапсырыс беруші ретінде қатысу;

- объектілер құрылысына мемлекеттік сатып алуды біріңғай ұйымдастырушы ретінде өткізу;

- ауданның орналасуының  сызбасын,аудан орталығы құрылысның бас жоспарын әзірлеу, оларды аудан әкімдігі арқылы аудандық Мәслихаттың бекітуіне енгізу;

- аудан аумағында қала құрылысын игеру кезінде сәубекітілген лет және қала құрылысы қызметінің мәселелеріндегі заңнама мөлшерлерін, мемлекттік мөлшерлемелерді, сондай-ақ белгіленген тәртәппен бекітілген сәулет және қала құрылысы басқа жобалақ құжаттамаларды сақтау;

- бекітілген қала құрылысы құжаттамасын қала құрылысы тәртібін және аумақтық құрылыс ережелерін сақтай отырып жүзеге асыру;

- объектілермен кешендерді орналастыру жөнінде ұсыныстар даярлау;

- тұрғын үй ғимараттрының (үйлер, жатаханалар) кейбір бөлшектерін қайта құру жөнінде (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру;

- ауданда құрылыс жүргізу, көріктендіру және инженерлік қамтамасыз ету, тұрғын үй қорын сақтау мен ұстау ережелерін әзірлеу;

- жергілікті атқарушы органдарға объектілермен кешендер құрылысын орналастыру жұмыстары жөнінде ұсыныстар даярлау;

- бекітілген құжаттамаға сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуын, құрылыстың аумақтық ережелерінің сақталуын қадағалауды жүзеге асырады;

Мемлекеттік мекеме қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті құқықтық актілері, облыс, аудан әкімдерінің қаулылыры, осы Ереже  және басқа да нормативті актілер құрайды.

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы