Введите ваш запрос для начала поиска.

Ауыл шаруашылығы

Жарияланған: 24.01.2018


Ауыл шаруашылығы

 

2018 жылдың 1 қаңтарына ауыл шаруашылығы өнімдерінің нақты көлем индексі аудан бойынша  11 741,4 млн. теңгені құрады немесе былтырғы жылдың осы кезеңіне 101,8 пайыз болды.

Мал шаруашылығы

 

2018 жылдың 1 қаңтарына мал басы Ірі қара  60,3 мың (104,1%), қой мен ешкі – 77,4 мың (77,4%), жылқы – 28,7 мың  (106,9%) болды.

Асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырын өсірумен «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Оразбек», «Каирбек», «Шаихова», «Анет», «Айша», «Отан» шаруа қожалықтары,  герефорд және ангус малын өсірумен  «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, асыл тұқымды қазақтың құйрықты қойын өсірумен «Айша» және қазақтың «Жабы» жылқысын өсірумен  «Санат», «Оразбек» шаруа қожалықтары айналысады.

 «МТС Жайма» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 1500 бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр.

2017 жылы ауданға  асыл тұқымды 867 бас ірі қара, 116 бас қой, 107 бас жылқы сатып алынды

Сиыр, жылқы, қой етін сату мақсатында  ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен Астана, Павлодар, Екібастұз қалаларында, Майкаин поселкесінде және Баянауыл ауылында 70 (жетпіс) ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп, 63,7 мың теңгеге 50,0 тонна ет сатылды.

Кооперативтер.

Ауданда 10 ауылшаруашылығы кооперативтері құрылды, оның ішінде  2016 жылы – 1(біреу),  2017 жылы – 9 (тоғыз);

 «Береке» бағдарламасымен («Шонай-Баян»,  «Сары Олен», «Байболу»,  «О.Айша») кооперативтерінің  24 мүшесі 93,2 мың теңгеге несиеленіп, 549 бас ірі қара мал сатып алды. 

 «Ынтымақ» бағдарламасымен («Шонай-Баян» және «О.Айша» кооперативтері) 15885,0  мың теңгеге 2 рефрижератор және «Сары өлен» кооперативі 8,090 мың теңгеге құрал-жабдықтарымен 1 трактор сатып алды.

Өсімдік шаруашылығы

2017 жылы 8,5 мың гектар жерге  егін егілді,  2016 жылға  121,5 %  құрады, жиналған нақты өнім 2426 тонна.

Барлығы 275,1 мың гектардан 100,0 мың тонна шөп дайындалып, тасымалданды.Шығымдылығы гектарынан 3,6 центнер болды. 

 

Қайта өңдеу

Ауылшаруашылығы өнімдерін  өңдейтін 10(он) қайта өңдеу орындары бар: диірмен-1, жартылай мұздатылған ет өнімдерін өңдеу -1, кондитерлік өнім өндіру-2  және наубайхана  - 6, соның ішінде:

-2017 жылы Майкайың кентінде жеке кәсіпкер Гүлнар Шайзатқызы Токпаеваның наубайханасы 3,750 мың теңгеге модернизацияланды.

-жеке кәсіпкер «Айғаным» аясында, жетекшісі Камбаров Қанат,3,0 млн. теңге өз қаржысына, кондитерлік өнім шығаратын цех іске қосылды.

 

Инвестжобалар

 

Ақсан ауылдық округіндегі «Әділбек» шаруа қожалығы, басшысы Омар Әділ Ержанұлы  44,0 млн.теңге өз қаржысына «300 бас ірі қара малға арналған мал шаруашылығы кешенін құру» және Құндыкөл ауылдық округіндегі «Мырзашоқы» шаруа қожалығы, басшысы Сартаев Жанат Рахмашұлы 31,5 млн.теңге өз қаржысына «180 бас ірі қара малға арналған мал шаруашылығы» объектілерінің құрылыстарын жүргізіп, ауылшаруашылығы кешенінің инвестициялық жобаларын іске асырды.

Ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 176,1 млн.теңгеге 22 ауылшаруашылығы техникаларын сатып алды,16,3 млн.теңгеге 12 құдық қазды.

 

Қаржыландыру   (несие)

 

2017 жылы  бюджеттен 448625,0 мың тенге несие игерілді.

«Агронесиелік корпорация» акционерлік қоғамы арқылы («Баянаул несиелік серіктестігі») 254250,0  мың теңгеге 47 жоба; соның ішінде «Сыбаға» бағдарламасымен 6 жобаға 505 ірі қара, «Құлан» бағдарламасымен 5 жобаға  126  жылқы, «Алтын асық» бағдарламасымен 1 жобаға  236 бас қой сатып алынды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 155375,0 мың теңгеге 39 жоба;

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасымен 117,35 млн.теңгеге 27 жоба несиеленіп, 448 бас ірі қара мал,112 жылқы сатып алынды.

«Сарыарқа»  бағдарламасымен «Даму» акционерлік қоғамы арқылы 12,0 млн.теңгеге 1 жоба;

«Жол карта бизнесі -2020» бағдарламасымен 27,0 млн.теңгеге 2 жоба;

6,0 млн.теңгеге  2 грант ұтып алынды.

2018 жылға атқарылатын жұмыстар

- Ірі қара малды 102,0, қойды-100,5 жылқы малын 102,0 пайызға жеткізу;

- Ауыл шаруашылығының өндірілетін өнім көлемінің нақты көлем индексін 103,5 пайызға ұлғайту;

- Кооперативтер құруға ықпал жасау және оларды дамыту;

-Мемлекеттік несиелеу және субсидия бағдарламаларымен жұмыс жүргізуді жалғастыру;

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы