Введите ваш запрос для начала поиска.

«Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ

Шайхин Нурсултан Советович «Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы.

1991 жылы 1 қаңтарда  Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл кентінде туған.

Білімі жоғары.

2012 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Туризм мамандығы;

2014 жыл - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Құқық бакалавры мамандығы;

2017 жыл - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Экономика және

бизнес магистрі біліктілігі

Еңбек жолы.

01.09.2008-18.06.2012 жж.  С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенті, Павлодар қаласы.

01.10.2014-05.01.2015 жж. Баянауыл жалпы орта білім беру мектеп-интернатының экономисі, Баянауыл ауылы Баянауыл ауданы Павлодар облысы.

05.01.2015-21.07.2015 жж. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" ММ бас экономисі, Баянауыл ауылы Баянауыл ауданы Павлодар облысы.

21.07.2015-22.09.2015 жж. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" ММ бас маманының міндетін атқарушы, Баянауыл ауылы Баянауыл ауданы Павлодар облысы.

22.09.2015-30.06.2017 жж. "Баянауыл ауданының білім бөлімі" ММ бас маманы, Баянауыл ауылы Баянауыл ауданы Павлодар облысы.

01.07.2017-16.04.2018 жж."Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" ММ мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы, Баянауыл ауылы Баянауыл ауданы Павлодар облысы. 

16.04.2018-жылдан бастап аталмыш лауазымға тағайындалғанға дейін  «Баянауыл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Баянауыл ауылы Баянауыл ауданы Павлодар облысы.

2018 жылдың 1-ші қарашасынан  бастап «Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ-ның басшысы лауазымына тағайындалды.

«Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ штат саны 5 адам: бөлім басшысы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы – 2, әдіскер, статистик.

“Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі” мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің бөлімі болып табылады, ол аудан әкімдігінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы №219/11 қаулысымен құрылды.

Мекеменің атауы: мемлекеттік тілде “Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі”.

Бөлімнің қызметі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, қазақстан Республикасының Президенті актілерін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативті-құқықтық актілерін, облыс және аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерін, облыс және аудан әкімшіліктерінің қаулыларын және бөлім ережесін басшылыққа алады.

Бөлімнің мекен-жайы : 140300 Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл аудланы, Баянауыл селосы, Сәтбаев көшесі,34.Тел. 8-718-40-91339 (91654).

Бөлімнің тіркеу нөмірі : №9-1945-04-ММ

Бөлімнің мақсаты мен міндеті: “Қазақстан-2030” Стратегиясынын ақпараттық-насихаттау, басқадай мемлекеттік бағдарламаларды, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің өкімдері мен қаулыларын облыс және аудан әкімдерінің шешімдерін жүзеге асыру.

Бөлімнің негізгі міндеті: жастар саясатын жүзеге асыру;“Қазақстан-2050” Стратегиясының басым бағыттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары мен мемлекеттік бағдарламаларын халыққа ақпараттық-насихаттау;мемлекеттік басқару органдарымен, саяси партиялармен және қоғамдық, діни бірлестіктермен ұлттық-мәдени орталықтармен бірлесе отырып, қоғамдық тұрақтылық пен бірлікті нығайту.ауданда ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамдық саяси үрдістерге сараптамалар жасау;қоғамда экстремистік және радикалдық көзқарастардың таралуына жол бермеу;аймақтық жастар саясатын жүргізу және “Жастар” бағдарламасын іске асыру және дамыту.

Баянауыл ауданы әкімдігінің, Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы № 342/11 қаулысына сәйкес 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс жасайды.

 

Директоры: Сапарғалиев Сансызбай Серікұлы

Баянауыл ауданы әкімдігінің, Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі қызметі

 

  1. Қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттік органдардың конфессияаралық келісімді нығайтудағы және діни төзбеушілік пен экстремизм көріністеріне қарсы бірлескен тиімді іс-қимылды қамтамасыз ету коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні болып табылады.
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – тұрғындардың толеранттық санасын қалыптастыру.
  3. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:

1) Аудандық және республикалық деңгейде діни экстремизмге және жалған діни қызметтерге қарсы іс-қимылға бағытталған әдістемелік және практикалық іс-шараларды (лекциялар, семинар-тренингтер және  өзге де  ақпараттық-түсіндіру  және профилактикалық іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу;

2) Радикалды, деструктивті және тоталитарлық діндердің ықпалынан зардап шеккен құрбандарға психологиялық, құқықтық және практикалық көмек көрсету;

3) Қоғамдық қозғалыстар мен бірлестіктерге Баянауыл ауданында діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар өткізуге әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық қызмет көрсету;

4) Өңірдің конфессияаралық саласында Қазақстан Республикасына тұрақсыздық әкелуге қабілетті жағымсыз тенденцияларды анықтау үшін әлеуметтік зерттеулер жүргізу;

5) Түрлі мәдени-бұқаралық, ағартушылық және танымдық іс-шаралар өткізу.

Коммуналдық мемлекеттiк мекемеге жарғыда бекiтiлген өз қызметiнiң мәнi мен мақсаттарына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелер жасауға тыйым салынады.

  1. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәмiле, Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретiн бұза отырып, жасалған мәмiле жергiлiктi атқарушы органының, мемлекеттік мекемені басқаруды жүзеге асыратын органның, аудандық коммуналдық меншікті билік жүргізуге өкілетті, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның, немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
  2. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме басшысының мемлекеттiк мекемемен жарғылық емес қызметтi жүзеге асыруға бағытталған әрекетi еңбек мiндеттемелерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке әкеледi.

Баянауыл ауданы әкімдігінің, Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Баянауыл ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 21 қарашадағы №334/11 қаулысына сәйкес жұмыс жасайды.

 

Директоры: Ильдин Ренат Қуатжанұлы

Баянауыл ауданы әкімдігінің, Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

  1. Баянауыл ауданы қоғамдық бірлестіктерінің, білім мекемелерінің және еңбек ұжымдарындағы жастар белсенділерінің, ұйымдар мен кәсіпорындардың жастармен жұмысқа бағытталған өзара іс-қимылын қамтамасыз ету Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні болып табылады.
  2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың патриоттық санасын қалыптастыру, олардың рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш-қуатының әлеуеті тұрғысынан неғұрлым толық дамуына ықпал ету.
  3. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме мақсатқа қол жеткiзу үшiн мынадай қызмет түрлерiн жүзеге асырады:

1) Баянауыл ауданында жастардың қоғамдық және қоғамдық-саяси қозғалыстарын дамыту;

2) жастардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына әсер ету; мәдени өмірдің түрлі салаларында жас таланттарға қолдау көрсету;

3)  Аудан жастарымен және діни бірлестіктермен жастардың түрлі топтары арасында жобалар дайындауды алға бастыру;

4) Баянауыл ауданының ауылдық округтерінде жастар саясатын іске асыру барысында жаңа жобалық әдістерді қалыптастыру және жаңа технологияларды пайдалану;

5) жастар қозғалыстары мен  бірлестіктеріне мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға әдістемелік, ұйымдастырушылық және тәжірибелік көмек көрсету;

6) жастар үшін түрлі бағыттар бойынша тақырыптық үйірмелер, секциялар, клубтар  ұйымдастыру;

7) түрлі мәдени ойын-сауық, танымдық, спорттық-бұқаралық және дене тәрбиесі, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу. Коммуналдық мемлекеттiк мекемеге жарғыда бекiтiлген өз қызметiнiң мәнi мен мақсаттарына сай келмейтiн қызметтi жүзеге асыруға, сондай-ақ мәмiлелер жасауға тыйым салынады.

  1. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме қызмет мақсаттарына қайшы жасалған мәмiле, Қазақстан Республикасының заңдарымен шектелген немесе құрылтай құжаттарында не басшының жарғылық құзыретiн бұза отырып, жасалған мәмiле құрылтайшының немесе прокурордың талабы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн.
  2. Коммуналдық мемлекеттiк мекеме басшысының мемлекеттiк мекемемен жарғылық емес қызметтi жүзеге асыруға бағытталған әрекетi еңбек мiндеттемелерiн бұзу болып табылып, тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке әкеледi.

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы