Шағын-футбол бойынша аудандық жарыс

Майқайың кентінің балалар жасөспірімдер спорт мектебінде футбол жаттықтырушылар мен №1, №2 ЖОББМ дене шынықтыру пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен оқушылар арасында аудандық  шағын футболдан жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, қалыптастыру болып табылады.  Жарысқа жалпы білім беретін оқу орындарынан  Майқайың №1,№2 ЖОББМ, Жанажол  ЖОББМ командалары қатысты.

Ашылу салтанаты барысында Майқайың кентінің балалар жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Шарипжанов О.А. өзінің ізгі тілегін білдірді. Нәтижесінде ұлдар командасынан І орын –№2 Майқайың ЖОББМ  командасы, команда жетекшісі Айдагулов К.К., ІІ орын - №1 Майқайың ЖОББМ  командасы, жетекшісі  Байкадамов Е.Е., ІІІ орын –Жаңажол ЖОББМ командасы,команда жетекшісі Кенжалин С.М  иеленді.

Ал қыздар командасынан жүлделі І орын- Жаңажол ЖОББМ командасына бұйырса, ІІ орын -№1 Майқайың ЖОББМ  командасы, ІІІ орын-№2 Майқайың ЖОББМ  командасы иеленді. Барлық қатысушы командалар алғыс хаттармен марапаталды.

Жеңімпаз атанған қыздар және ұлдар командасы қаңтар айының аяғында облыстық спартакиядада ауданымыздың намысын қорғамақ.

Жеңімпаздарды жүлделерімен құттықтап,алдағы спартакияда сәттілік тілейміз!

Қатысушылар мен жаттықтырушы бапкерлерге алғысымызды білдіреміз!

 

 

                                                                              Шахметова Б.Н

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы