«Баянауыл ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» мемлекеттік мекемесі келесі бос лауазым орындарына ашық конкурс жариялайды

1. «Майқайың кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры.

«Майқайың кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Майқайың кенті, Ленин көшесі, 57А үй

Функционалдық міндеттері: «Баянауыл ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің Майқайың кентінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КМҚК (бұдан әрі - Кәсіпорын) қабылданатын шешімдердің кейінгі салдарына, ұйымның мүлкін сақтау мен тиімді пайдалануға, сондай-ақ оның қызметінің әкімшілік-шаруашылық нәтижелеріне жауап бере отырып, ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметіне басшылық жасайды;
ұйымның саясатын, стратегиясын және оны іске асырудың тетіктерін айқындайды;
оқу-жаттығу және тәрбиелік үрдістерде спорттық-әдістемелік және материалдық-техникалық базаны ұйымдастырады және жетілдіреді; педогогикалық кеңестің жұмысына басшылық жасайды;

ұйымның жұмыс жоспарын, спорттық жетілдірудің әртүрлі кезеңдерінде спортшыларды даярлаудың жоспарларын және бағдарламасын бекітеді; барлық құрылымдық бөлімшелердің олардың қызметін жетілдіруге бағытталған өзара тиімді іс-қимылы мен жұмысын ұйымдастырады, сондай-ақ олардың қызметін жоғары жетістіктер спортты мен бұқаралық спортты дамытуға бағыттайды;

жаттықтырушы-оқытушылардың, нұсқаушы-әдіскерлердің біліктілігін арттыруды, спортшыларды дайындау деңгейін және спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру мақсатында дене шынықтыру және спорт саласындағы шет елдің озық тәжірибесін зерделеуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
лауазымды тұлғаларға – орынбасарларына, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларына ұйым қызметінің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады;

қызметкерлерді қабылдау, ауыстыру, көтермелеу және жұмыстан шығару туралы шешім қабылдайды, басқарманың құрылымын, штаттық кестесін, ұйым қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; спортшылардың контингентін қалыптастырады, оқу-жаттығу және оқу-тәрбиелік процестері кезінде спортшылар мен ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын сақтаудың қажетті жағдайларын жасайды;

тиісті саланың уәкілетті органдарына ұйымның әкімшілік-шаруашылық және оқу-жаттығу қызметтерінің есебін ұсынады.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- «Педагогика», «Құқықтану», «Экономика» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;

- басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл немесе спорт және дене шынықтыру саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің болуы.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы; Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі; Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексі; 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы; «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы; «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы; «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы;
«Спорттағы допингке қарсы күрес туралы халықаралық конвенцияны ратификациялау туралы» 2009 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы; «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы; «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы; дайындықтың түрлі кезеңдерінде спортшылардың оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесінің мазмұны «Спорт резерві мен жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу процесі жүзеге асырылатын дене шынықтыру-спорт ұйымдары түрлерінің тізбесін және олардың қызметі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы; педагогика, психология, физиология негіздері.

Конкурс Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы №70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемесінің басшысын тағайындау және аттестациялау ережесі негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға жіберілген үімткерлер, сайысқа жіберілген қатысушылар, тұлғалар тізім бекітілгеннен кейін 10 күнтізбелік күн ішінде әңгімелесуден өткізіледі.

Конкурсқа қатысушылар үшін келесі тұлғалар қабылданбайды:

1) он сегіз жастан жасы кіші;

2) бұрын жемқорлық бойынша құқық бұзғандар;

3) Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген өтелмеген немесе есептен алынбаған сотталған тұлғалар;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа жағдайлар

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) Мемлекеттік және орыс тіліндегі түйіндемесі;

3) Еркін үлгіде мазмұндалған өмірбаяны;

4) Білімі туралы құжаттарының көшірмесі;

5) Еңбек кітапшасының (ол болмағанда) немес еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнынан келісімшарттың тоқтатылуы туралы және бұйрықтың көшірмесі;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы «Денсаулық сақтау ұйымдарындағы алғашқы медициналық құжаттама түрлерін бекіту туралы» №907 бұйрығына сәйкес бекітілген үлгі бойынша денсаулық туралы анықтамасы;

7) 3х4 көлеміндегі 1 фотосурет;

8) Сотталмағандығын растайтын анықтама;

Сайысқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік деңгейіне (біліктілігін көтеру, Ғылыми дәрежелер және атақтар, ғылыми басылымдар туралы құжаттардың көшірмесі, бұрынғы жұмыс орны басшылығынан кепілдіктер және т.б.) қатысты қосымша мәліметтер бере алады.

Қажетті құжаттар баспасөз ақпараттық құралдары басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде ресми сайтқа шыққаннан бастап мына мекен-жайға әкелінуі қажет: 140300, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы, Сәтбаев көшесі 49 (конкурстық комиссия «Баянауыл ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі» ММ)

Анықтама телефондары: 87184091731, 87184091644 , электронды пошта: Sport-bayan@mail.ru

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы