Введите ваш запрос для начала поиска.

"Баянауыл ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм біөлімі" ММ

"Баянауыл ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм біөлімі" ММ

140300, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы Қ.Сәтбаев көшесі №39 үй.

e-mail: sport-bayan@mail.ru

Байланыс телефоны. 8(71840) 92166, 92193

Баянауыл ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм біөлімінің басшысы- Тәліпов Зейнолла Ғабдоллаұлы. 1988 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары, мамандығы-тасымалдауды ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет өтілі- 6 жыл. Еңбек жолын 2008 жылы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппаратында жастар ісі жөніндегі жетекші маман қызметінен бастады. 2010 жылы аудан әкімі аппараты құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы, 2012 жылы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы, 2015 жылы аудан әкімі аппараты жалпы бөлімнің бас маманы болып қызмет етті. 2015 жылғы шілде айынан бастап Баянауыл ауданының дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы болып қызмет етеді.

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесі:

Сәрсенбі күндері сағат 1500-ден 1700-ге дейін.

Жұма күндері сағат 1000-ден 1200-ге дейін.

Бөлімнің функциялары:

- Жеке адамдардың тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалу орындарында спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;

- Аккредиттелген жергілікті спорт федерацияларымен бірлесіп, спорт түрлері бойынша аудандық спорттық жарыстарды өткізеді;

- Спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларды даярлауды және олардың облыстық спорттық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етеді;

- Аудан аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерін дамытуды қамтамасыз етеді;

- Аудан аумағында аудандық дене шынықтыру- спорт ұйымдарының қызметін үйлестіреді;

- Спортшыларға: 2-разрядты спортшы, 3- разрядты спортшы, 1- жасөспірімдік разрядты спортшы, 2- жасөспірімдік разрядты спортшы, 3- жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтарын тағайындайды;

- Жаттықтырушыларға: біліктігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі біліктілік санаттарын тағайындайды;

- Спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай өңірлік күнтізбесін іске асырады;

- Аудан аумағында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және өткізуді үйлестіреді;

- Аудан аумағында дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі ақпаратты жинауды, талдауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нысанда және мерзімдерде облыстың жергілікті атқарушы органына ұсынады;

- Аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорт түрлері бойынша аудандық құрама командаларының тізімдерін қалыптастырады және бекітеді;

- Ресми дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді;

- Аудан аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерін үйлестіреді және олардың халыққа қолжетімді болуын қамтамасыз етеді;

- Спорт ұйымдарына әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;

- Аудандық мамандандырылмаған балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің қызметін қамтамасыз етеді;

- Жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетінөзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.





2018 жылға арналған Баянауыл ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімінің өткізілетің спорттық іс-шаралардың жұмыс жоспары

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы