«Баянауыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ

Бейсенқұлов Серік Қасымқанұлы

«Баянауыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ

140300, Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы Қ.Сәтбаев көшесі №34 үй.

e-mail: bayan_oebp@mail.ru

Байланыс телефоны. 8(71840) 91404, 91405, 91284

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы –Бейсенкулов Серік Қасымханұлы

Бейсенқұлов Серік Қасымқанұлы 1960 жылы 24 тамызда туған. Білімі жоғары. 1982 жылы - Алматы халық шаруашылығы институтын аяқтаған,  мамандығы экономист.

Еңбек жолы.

01.09.1978 - 22.06.1982 жж. Алматы халық шаруашылығы институтының студенті. 06.08.1982 - 16.12.1983 жж. Павлодар облысының бақылау-ревизиялық басқармасының бақылау-ревизоры. 16.12.1983 - 20.10.1984 жж. КСРО Қарулы Күштерінің қатарындағы әскери қызметі, Североморск қаласы Мурманск облысы. 23.11.1984 - 01.08.1985 жж. Павлодар облысының бақылау-ревизиялық басқармасының бақылау-ревизоры. 01.08.1985 - 18.08.1987 жж. Павлодар облысының бақылау-ревизиялық басқармасының аға бақылау-ревизоры. 18.08.1987 - 06.07.1993 жж. Павлодар облысы Железин ауданының қаржы бөлімінің меңгерушісі. 12.07.1993 - 25.03.1994 жж. Павлодар облысының мемлекеттік қаржы-бақылау басқармасы бастығының бірінші орынбасары. 28.03.1994 - 10.06.1994 жж. Павлодар қаласы қаржы басқармасының бастығы. 10.06.1994 - 22.10.1994 жж. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Бас бюджеттік басқармасы бастығының орынбасары -экономикалық жинақтау бөлімінің бастығы, Алматы қаласы. 26.10.1994 - 12.06.1997 жж. Павлодар қаласының қаржы басқармасының бастығы. 07.07.1997 - 01.04.1998 жж. Павлодар қаласының әлеуметтік субсидиялар және тұрғын үйді инвестициялау секторы басқармасының бастығы. 01.04.1998 - 26.03.1999 жж. Павлодар қаласы Индустриалды ауданы әкімінің орынбасары. 26.03.1999 - 30.12.1999 жж. Павлодар қаласы экономика департаментінің бастығы. 30.12.1999 - 01.11.2000 жж. Павлодар қаласының қаржы және экономика басқармасы бастығының орынбасары. 01.11.2000 - 21.12.2000 жж. Павлодар қаласының экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бастығының орынбасары. 21.12.2000 - 02.05.2001 жж. Павлодар қаласының экономика және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бастығы. 14.05.2001 - 28.02.2002 жж. «Павлодартеплоэнерго» ЖШС қаржы бөлімінің бастығы. 15.04.2002 - 27.03.2003 жж. Павлодар облысы қаржы департаментінің бақылау-ревизиялық бөлімінің бастығы. 27.03.2003 - 02.03.2005 жж. Павлодар облысының қаржы департаменті бастығының орынбасары. 02.03.2005 - 07.08.2008 жж. «Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті» мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары. 07.08.2008 - 16.09.2013 жж. «Павлодар облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары. 16.09.2013 - 14.03.2014 жж. «Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. 25.01.2017 - 12.07.2017 "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" ММ, аудан әкімінің бас инспекторы.

12.07.2017 - қазіргі уақытқа дейін «Баянауыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ басшысы.

Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау кестесі:

Әр аптаның дүйсенбісі сағ: 16:00 - 18:00 дейін.
Әр аптаның жұмасы сағ:10:00 - 12:00 дейін.

Бөлімнің қызметі:

1) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басымдықтағы бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін қалыптастыру;
2) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ауданның атқарушы органдарының қатысуымен әзірлеу (жергілікті бюджеттікбағдарламалар әкімшілерінің әрбіріне жеке болжам көлемдерін жеткізе отырып);
3) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеуде, ауданның атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;
4) ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жоспарлы кезеңге аудан бюджеті түсімдерін болжамдауды жүзегеасыру;
5) аудандық бюджеттік комиссияның жұмыс органы ретінде, бюджет жобасының мерзімінде және сапалы әзірлеуін қамтамасыз ету және бюджетті нақтылау бойынша ұсыныстар дайындау үшін аудандық бюджеттік комиссия айқындайтын мерзім мен күн тәртібіне сәйкес,аудандық бюджеттік комиссия отырысына құжаттар пакетін дайындау;
6) бес жылдық мерзімге арналған ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, беталысын және басымдылығынбелгілейтін ауданның әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде жоспарлы кезеңге аудан бюджетінің жобасын әзірлеу;
7) аудан әкіміне және аудан бюджеті жобасын қалыптастыру (бюджеттің түсімдер және  шығындар жағы, бюджет аралық қатынастар)бойынша қадағалайтын аудан әкімінің орынбасарына аналитикалық ақпараттарды, анықтамаларды, сондай-ақ аудан бюджетіннақтылау және түзетуді, ауданның бюджет комиссиясына хаттардың жобасын және аудандық мәслихат сессиясына аудан әкімініңбаяндамасын әзірлеуге ақпараттарды  дайындау;
8) инвестициялық және постинвестициялық кезеңде бюджеттік инвестициялық жобалардың іске асырылуын бағалау және мониторингінжүргізу, бағдарламалар әкімгерлерінен жиналып, талданып және қорытындыланған ақпараттар негізінде  республикалық және жергіліктібюджеттер есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар туралы жинақталған ақпаратты экономика және бюджеттік жоспарлауБасқармасына ұсыну;
9) мемлекеттік басқару жүйесін реформалау бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу;
10)  Бөлімнің құзыретіне енетін сұрақтар бойынша нормативтік және құқықтық актілерінің жобасын әзірлеу;
11) облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен ауданның аумақтарын дамыту бағдарламасын әзірлеу және келісу;
12) ауданның атқарушы органдарының талдаулары мен қорытындылауларының негізінде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуынамониторинг жүргізу, аудан әкімі мен қадағалаушы орынбасарына ақпараттарды дайындау;
13) аудан аумағын дамыту бағдарламасын бағалау және мониторинг жүргізу;
14) белгіленген рейтингтік көрсеткіштер бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын жақсарту туралы ұсыныстаренгізу;
15) қорытындыларды бағалауды жүргізу, оның ішінде стратегиялық, операциялық жоспарлар және мемлекеттік органдардың бюджеттікбағдарламаларды іске асыруын бағалау;
16) аудан бюджеті есебінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штаттық сандарын талдауды  жүргізу;
17) инвестициялық ұсыныстарды іріктеу және қарастыру әдістемесіне сәйкестелінген бюджеттік бағдарлама әкімгерлерініңинвестициялық ұсыныстарын қарау, оның ішінде шығындар мен пайданы талдау (осы әдістемені қолдану мүмкіндігі болған жағдайда)және бюджеттік комиссияның қарауына қорытынды жасау;
18) заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысуы арқылы жүзеге асыруға жоспарланып отырған бюджеттікинвестициялардың қаржылық-экономикалық жаңаруы бойынша қорытындылар дайындау;

Негізгі міндеттерді, қызметтерді және құқықтарды анықтайтын Заңдар және нормативтік актілер тізбесі

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару  туралы»  Заңы,ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Жарлығы, Баянауыл ауданы әкімдігінің«Баянауыл ауданының экономика және бюджеттік  жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесіне өзгерістер енгізу туралы»қаулысы.

«Баянауыл ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-нің келесі мемлекеттік қызметті көрсетеді:

Ауылдық елді мекенге жұмыс істеу үшін және тұру үшін келген білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну.













2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы