Ұзынбұлақ ауылдық округі

«Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме 03.03.2003 ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 11226-1945-ММ

Мекен жайы: Ұзынбұлақ ауылы

Телефоны: 8 (71840) 50-2-25

Қабылдау күндері: жұма (апта сайын)

Мұқанов Асқар Мұратұлы

2013 жылдың 8 тамыз айынан бастап Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Мұқанов Асқар Мұратұлы 1981 жылдың 21 тамызында Павлодар облысы  Баянауыл ауданы  Ұзынбұлақ ауылында туған.

Білімі - жоғары, 1999 жылы академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – «қазақстан тарихы» мұғалімі.

Жұмыс өтілі 2003 жылы Ұзынбұлақ ауылы Бекмаханов атындағы ЖОББМ тарих маманы болып бастады, кейінен АӘД мұғалімі болды.

Кейінен Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің директоры қызметін атқарды.

2013 жылғы 8 тамыз айынан бастап Ұзынбұлақ ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Үйленген, 3 баласы бар.

Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарын қолданады. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

2016 жылға жоспарланған жұмыстар:

1. Ұзынбұлақ бұлағына және Байсаң өзеніне өткел жасау мақсатында суағар құбырларды орналастыруды ұйымдастыру

2. Жаз айларында жеке меншік ірі қара малдарының бағылымын ұйымдастыру

3. Елді мекендердегі тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, мүлікті жариялау жұмыстарын жалғастыру

4. Тесікмола жайлауында жылқылар үшін суат жасау жұмыстарын ұйымдастыру,

5. Округтегі екі ауылдың тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында қуатты техника көмегімен жинақтау жұмыстарын жүргізу

6. Мал азығын дайындау мақсатында жұмыс істейтін ауылшаруашылық техникаларын аудандық ауылшарушылық мамандарының техникалық байқаудан өткізуін ұйымдастыру, әр түрлі деңгейде өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне шаруа қожалықтарын ұйымдастыру.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы