Жаңатілек ауылдық округі

140304 «Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме  28.12. 2002 ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 2508-1945 –ММ

Мекен жайы: Жаңатілек ауылы Б.Хайдаров көшесі 7/1

e-mail: zhanatlek@bk.ru

Телефоны: 8(718-40)-95-7-56

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Сейсенбі сағат 15:00-17:00 дейін (апта сайын)

Жұма сағат 15:00-17:00 дейін (апта сайын)

Шалбаев Куаныш Хайруллаевич

2018 жылдың 02 мамырынан бастап  Жаңатілек ауылдық округінің әкімі.

Шалбаев Куаныш Хайруллаевич 1976 жылы 12 қарашада Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Сәтбаев ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары. 2004 жылы Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру институтын «Қаржы және несие» мамандығы бойынша тәмамдаған. Мамандығы – зкономист.

Жалпы еңбек өтілі – 21 жыл 9 ай

Мемлекеттік қызмет өтілі -  19 жыл 5 ай.

Еңбек  жолын 01.08.1996 ж - 04.01.1997 ж Баянауыл ауданы, Қараащы ауылының «Айқын-Ынтымақ» ЖШС автогаражының диспетчері болып бастады.

04.01.1997 ж - 30.11.1998 ж  Баянауыл ауданы, Қараащы ауылының «Айқын-Ынтымақ» ЖШС автогаражының бухгалтері.

02.12.1998 ж - 15.03.2005 ж Баянауыл ауданы,  Қараащы ауылы «Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты»  ММ маманы.

15.03.2005 ж - 02.05.2018 ж Баянауыл ауданы,  Қараащы ауылы «Баянауыл ауданы Сәтбаев ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы.

2018 жылдың 02 мамырынан бастап Жаңатілек ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

 Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі№ 453-1 «Мемлекеттік қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы №198-II Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарын қолданады, ауыл әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

 

Ауылдық аумақтарды дамыту жоспар бойынша сәйкес жоспарланған. 2017 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар:

 

  1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту.
  2. Елді мекендердегі тазалық жұмыстарын ұйымдастыру.
  3. Жаз айларында жеке меншік ірі қара малдарының бағылуын ұйымдастыру.
  4. Ауыл халқын кооперативқа біріктіру.
  5. Ауыл шаруашылығын дамыту, мал түрлерін тұқымдық түрлендіру жұмыстарын ары қарай жалғастыру.
  6. Жаңатілек ауылішілік 12 км жолдары құжаттарын рәсімдеу.
  7. Мұрынтал ауылына кіреберіс 10 км жол құжаттарын рәсімдеу.
  8. Күл-қоқыс (қатты қалдықтарды) төгетін орын құжаттарын рәсімдеу.
  9. Жайылым жерді кеңейту үшін құжаттарды рәсімдеу.
  10. Зират жер телімдерін рәсімдеу
  11. Жаңатілек ауылы саябақ жер телім құжаттарын рәсімдеу.
  12. Жаңатілек ауылының саябағын аббаттандыру үшін ЖСҚ дайындау.
  13. Жаңатілек ауылының көшелерін жарықтандыру.
  14. Су тоқтату дамбысын салу.
  15. Зиратты қоршау.
  16. Стихиялық свалкаларды тазалау.
  17. Бұзылған ғимараттардың орнын тазалау.
  18. Мал қамайтын алаң орналастыру және құжаттарын рәсімдеу.
  19. Мұрынтал кіреберіс жолына күрделі жөндеу жүргізу.
  20. Жаңатілек ауыл ішілік жолдарына күрделі жөндеу жүргізу.
  21. Б. Хайдаров атындағы ЖОББ мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.
  22. Мектеп ғимаратының қоршауын ауыстыру.
  23. Күрес залына жөндеу жұмыстарын жүргізу.
  24. Шағын футбол алаңын жарықтандыру.
  25. Ауылдық мәдениет үйінің жылыту жүйесін электр жүйесіне ауыстыру.
  26. Жаңатілек ауылдық стадион жер телімін рәсімдеу.
  27. Жаңатілек ауылына су құбырын тарту.

Жаңатілек ауылдық округі бойынша жалпы ақпарат

        Жаңатілек ауылдық округі әкімшілік аумағына 2 елдімекен жатады. Олар: Жаңатілек, Мұрынтал. Жаңатілек ауылдық округі Павлодар облысының оңтүстік батыс жағында орналасқан. Ауылдық округ Қарағанды облысымен, Қаратомар, Сәтпаев, Құндыкөл, Күркелі ауылдық округтерімен шектеседі.Ауылдық округ аудан орталығынан 60 км, облыс орталығы Павлодар қаласынан 280 км қашықтықта орналасқан.

        Жартылай бос далалық аумаққа жатады. Өсімдік дүниесі негізінен селеулі, көде шөп болып келеді.Топырақтың механикалық құрамы орташа құмдауыт құрамында гумус 12%. Топырағы егістікке жарамды. Дәнді-дақылдармен бірге техникалық дақылдар егуге қолайлы. Құнарлылығын арттыру үшін көп жылдық шөптер өсіріледі.

         Жаңатілек ауылдық округі бойынша тұрғындар саны  - 1126 адам. Оның 1042 -і Жаңатілек ауылында, 84 –і Мұрынталда. Әкімшілік территориясының орталығы Жаңатілек ауылы болып табылады. Жалпы аула саны – 246. Жаңатілек ауылдық округінің  аумағында  153 зейнеткер, соның ішінде 12-і тыл ардагері, 2 ауған соғысының ардагері, 40 алтын алқа, 22 күміс алқа иегерлері  және денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедектер  саны 31 адам , оның  6 мүгедек бала тіркелген.  

        Жаңатілек ауылында Б.Хайдаров атындағы жалпы орта білім беретін мектеп бар. Онда 177 оқушы оқиды. 41 мұғалім, 36 кіші қызметкер жұмыс істейді, Ауылда фельдшерлік акушерлік пункт жұмыс істейді, онда 5 медицина қызметкері және 1 жедел жәрдем көлігі қызмет атқарады. 1 мәдениет үйі, 1 мұражай, 1 ауылдық кітапхана, 1 мешіт, «Балдаурен» шағын орталық, шағын футбол алаңы, балалар ойын алаңы, мал сою алаңы, шина жөндеу, КБМ су құбыры, өрт сөндіру бекеті, «Қазпошта» бөлімі халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, 5 дүкен халыққа тұрақты  қызмет етуде. Округте телефон байланысы жақсы жолға қойылған, Жаңатілек ауылында «КCEEL», «BELLEINE»  ұялы қондырғысы жұмыс жасап тұр. «Отау ТВ» спутниктік қондырғылары орнатылған.  Ауылда 185 телефон нүктесі волокондық жүйесі тартылған. Соның ішінде 147 – үй  жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған.

         Мұрынтал ауылында 84 тұрғын, 19 аула бар. 1 кітапхана, медициналық пункті, 1 медицина қызметкері еңбек етеді. Мұрынталда 9 телефон нүктесі орнатылған. «BELLEINE»  ұялы қондырғысы, 1 қоғамдық спутниктік интернет желісі, «Отау ТВ» спутниктік қондырғылары тұрақты жұмыс жасап тұр.

         Мұрынтал ауылының табиғаты көркем, таулы –орманды жер. Округ аумағында тарихи құнды ескерткіштер Жаяу Мұса Байжанұлының зираты, ескерткіші бар.        

         Ауылдық округ көлемінде ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көзі  мал шаруашылығы. Округ бойынша  26  шаруа   қожалығы  тіркелген. Шаруа қожалықтары және жеке меншік мал иелері қысқы мал азығын округ аумағында шабындықтардан  жеткілікті дайындайды.

        Әкім аппаратының мамандары шаруашылық жүргізу кітаптарды нақтылау үшін жылына екі рет ауылдарда үй-үйді аралап жүзеге асырады.

Мал дәрігері аумақтық инспекциямен бірлесіп ветеринария саласында халықтың денсаулығын мал мен адам үшін ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және ақпаратпен өзара алмасуды жүзеге асыру мәселелермен айналысады.

         Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Ауыл  тұрғындарының  аудандық жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар  тіркеуінде тұрған адамдар қоғамдық жұмыстарға тартылып отырады. Ауылдық округ бойынша бос жұмыс орындарына жұмыспен қамту орталығы тіркеліміне жұмыссыздар тартылады. Биылғы жылы 3 адам жұмыспен қамтылды. Әр ай сайын тіркеуде тұрған 2 адамнан қоғамдық жұмысқа тартылады.

        Тазалық-денсаулық кепілі. Көріктендіру және санитарлық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтіп жатыр. Санитарлық-тазалық  айлықтары басталғаннан бері  әр  апта сайын  сенбіліктер өткізіліп тұрды. Сәуір айында  ауыл тұрғындарына, жеке өздерінің төңіректерін таза ұстау қажеттілігі туралы ескерту  таратылып  берілді. Ауыл  тұрғындары өз  күштерімен  көң-қоқыстарын шығарып  отырады. Ауыл тазалығына мән беру керек.  Ауыл тұрғындары көктем айларында қорадан шыққан қоқысты белгіленген жерге апарып  төгеді.

         Жеке  тұлғалар  өздеріне  тиісті  жер салығы,  мүлік салығы ,  көлік  құралдарынан  түскен  салық және  төлем  көзінен  салық  салынбайтын  жеке  табыс  салық   түрлері  төленіп отырады.Округ бойынша 1 мемлекеттік  қызмет көрсетіледі. Атап айтсақ,  жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру.

         Ауыл әкімдігінде «Мемлекеттік қызметкерлердің «Әдеп Кодексі» стенді, мемлекеттік қызметкерлердің әдебін бақылау кітабы орналастырылған.

          Жаңатілек ауылдық округінің жер қойнауы бағалы, түрлі – түсті тастарға бай.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы