Введите ваш запрос для начала поиска.

Қызылтау ауылдық округі

Қызылтау ауылдық округі

Қызылтау ауылдық округі төрт елді мекеннен құралады, олар орталық Ж.Аймауытов ауылы, Ақши, Лекер және ТЭЦ елді мекендері.  Барлық жер көлемі 169678 шаршы метр. Округ көлеміндегі халық саны 1272, оның 727-ы Ж.Аймауытовта, 145-ы Ақшида, 316-сі Лекерде және 84-і ТЭЦ  ауылында, шаруашылық саны 308. 1272 адамның 1259 жергілікті халық, 13-і басқа ұлт өкілдері, атап айтқанда орыс, поляк. Барлық сайлаушылар саны 787 адам болса, еңбекке жарамды 685 адамның 455-і тұрақты жұмыс істейді. Зейнеткерлер саны 137, оның ішінде 18 адам тыл ардагерлері бар. Атаулы әлеуметтік көмек алатын адамдар жоқ, балалар жәрдемақысы 48 балаға тағайындалған.  «Алтын алқа» медаль иегерлер саны - 35, «Күміс алқа» иегерлері - 26 болса, мүгедектер саны 29 адам.

Округ көлемінде 2 мектеп бар:1 – Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беру мектебі, 1- Лекер негізгі орта білім беру мектебі. Онда барлығы 183 оқушы білім алады, 44 мұғалім қызмет атқарады. Орталықта 1 дәрігерлік амбулатория бар. Онда 1 жоғары білімді дәрігер және  арнаулы орта білімімен 1 фельдшер, 3 медбике қызмет атқаруда. 1-   ауылдық мәдениет үйі, 1- Лекер ауылдық клубы, 3 кітапхана, телефон жүйесі, 1 мешіт, 1 су құбыры халыққа қызмет көрсетеді және округ орталығы «Билайн» ұялы желісімен қамтылған.

Округте 1 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 55 шаруа қожалығы, 3 азық-түлік дүкені және 1киім-кешек дүкені бар   және Баянауыл – Ж. Аймауытов бағыты бойынша 1 «Газель» автокөлігі қатынайды.

Округте барлық мал саны: 10602 ірі қара мал, 5195 жылқы, 29724 қой-ешкі, 1150 құс.

Округ аумағында «Қызылтау» қорығы орналасқан. Онда Баянауыл ұлттық паркі арқылы екі қорықшы жұмысын атқарады.

Қызылтау ауылдық округінің  әкім аппатарының 2016 жылға арналған жұмыс жоспары:

1) «Нұрлы Жол» бағдарламасы шеңберінде құрылатын біртұтас көліктік логистикалық және коммуналдық құрылымы аясында округ көлемінде «Заман Инвестор» ЖШС кокс және көмір өндіру  жұмыстарын 2016-2019 жылдарға жоспарлауда;

2) Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды «Өрлеу» жобасына қатыстыру жұмыстарын жалғастыру;

3) Ж.Аймауытов атындағы ЖОББ мектебінің от жағу қазандығын ауыстыру жұмыстарын ұйымдастыру;

4) Ж.Аймауытов ауылына 4 млн 893 мың теңге көлемінде сметалық жобасы жасалынып, шағын балалар ойын алаңын салу;

5) Округ көлемінде санитарлық тазалық және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру;

6) Мүлікті заңдастыру және жекешелендіру жұмыстарын жалғастыру;

7) Шаруа қожалықтарының және  жеке кәсіпкерліктің дамуына ықпал жасау.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы