Торайғыр ауылдық округі

 «Торайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ 05.05.1997 ж. тіркелген мемлекеттік тіркеу № 2642-1945-ММ.

Мекен жайы: Торайғыр ауылы.

Телефоны: 8 (71840) 40-7-98

Қабылдау күндері: Сейсенбі, Бейсенбі (апта сайын)

Абраров Арғын Бейсембайұлы Торайғыр ауылдық округінің әкімі

1972 жылы 22 шілдеде Павлодар облысы Баянауыл ауданы Торайғыр ауылында  дүниеге келген.

Білімі жоғары, Семей зоотехникалық-ветеринария институтын «ветеринар дәрігері» мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс өтілін 1994 жылы Екібастұз қаласы РСУ-2 –де малдәрігері болып бастады.

Баянауыл ауданы, Торайғыр ауылында С.Торайғыров атындағы шаруашылықта МТМ-да слесарь, Майқайың кенті «Майкаинзолото» АҚ-да 3-разрядтағы жабдықтарды жөндеу слесарі, «Баянауыл ауданы Торайғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-сінде, жастар ісі жөніндегі маман, кейіннен жетекші маман, «Баянауыл ауданы ішкі саясат бөлімі» ММ-сінде бас маман болып жұмыс істеді.

2013 жылдың 8 тамыз айынан бастап Торайғыр ауылдық округінінің әкімі болып тағайындалды.

Үйленген, 4 баласы бар

Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 198-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін –өзі басқару туралы» 2015 жылғы  23 қарашадағы

№ 416-V  «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарын қолданады, ауыл әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлуметтік инфрақұрлымының дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы