Сәтбаев ауылдық округі

Әмиев Қалым Нағымтайұлы 1961 жылы 15 науырызда Қарағанды облысында туған.

Білімі жоғары. Целиноград ауыл шаруашылық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1985 жылы Сәтбаев кеншарында автогараж меңгерушісі, одан кейін механик – контролер МТМ,  көлік жөндеу инженері, 1991 жылдан бастап 1997 жылға дейін профсоюз комитетінің төрағасы лауазымында жұмыс аткарды. 1998 жылдан 2008 жылға дейін «Нағымтай» шаруа қожалығының басшысы.

2008 жылдың 24 мамырдан Сәтбаев ауылдық округінің әкімі.

Отбасылы. Жанұяда 1 ұл, 2 қыз  бала тәрбиелеп отыр.

Округ құрамына 3 елді мекен кіреді Қараащы, Теңдік, Көкдомбақ ауылдары. Сәтбаев ауылдық округінің жалпы жер көлемі 108,95 га. Округ халқының саны 2018 жылдың 1 қаңтарына -1235 адам құрады. 131 зейнеткер, 12 тыл ардагері бар, 2 Ауған соғысы ардагері  тұрады.

Жыл бойы 324 адам жұмыс істейді. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтар саны - 49.

 Білім беру саласы бойынша 2 оқу-тәрбие кешені,  2 балабақша жұмыс істейді. 244 оқушы білім алып, 78 мұғалім еңбек етуде.

Округ бойынша 1 Дәрігерлік амбулатория, 1  медициналық пункт бар,  1 жедел жәрдем автокөлігімен жабдықталған. 8 (сегіз) медицина қызметкері жұмыс атқарады.

2017 жылдың күз айында Көкдомбақ ауылындағы кіреберіс көпірді қар суы шайып кеткендіктен жолға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

Сәтбаев ауылдық округінде 1 мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб қызмет етеді. Қараащы, Теңдік, Көкдомбақ ауылдарында кітапханалар  жұмыс атқаруда.

Ауылшаруашылық бойынша 43 шаруа қожалығы, 1 ЖШС жұмыс істейді. Округіміздің негізгі саласы – мал шаруашылығы. Мал басы санын атап айтсақ: ірі қара – 5015, оның ішінде аналық – 3146 бас, жылқы – 2394, қой- ешкі  – 7143, құс –1997 бас.

 Округте телефон байланысы жақсы жолға қойылған.  Қараащы, Теңдік ауылдарында «Веlleine» ұялы байланыс қондырғысы жұмыс жасап тұр. 236 үйге «Отау ТВ» ұлттық спутниктік қондырғылары орнатылған. Қараащы және Теңдік ауылдарына интеренет желісі жұмыс істейді.

2018жылдарға арналған жұмыс бағдарламасы:

- Қараащы және Теңдік ауылдарына көше жарығын тарту.

- Елді мекендерде иесіз бос тұрған үйлер мен қоралар орнын тазалау.

- Теңдік ауылында салынатын ауылдық клубтын жұмыстарын ұйымдастыру.

- Иесіз тұрған, заңдастырылмаған объектілерді заңдастырып, құжаттарын рәсімдеп аяқтау.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы