Введите ваш запрос для начала поиска.

Шөптікөл ауылдық округі

ММ тіркелген 17.04.2003., мемлекеттік тіркеу 11351-1945-ГУ.

Мекен-жайы: ЦЭС ауылы

Телефон: 8(71840) -40200

Қабылдау күндері: сәрсенбі, бейсенбі (апта сайын)

        Округ әкімінің автобиографиясы

Молдатаев Ербатыр Гинаятович, 1980 жылы 19 тамызда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Майқайын кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2002 жылы Алматы және меншік «Дәулет» басқарушы-экономист институтын экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Майқайын кентінде «Құрылыс» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің механигі болып бастаған. 2005 жылы Баянауыл ауданы бойынша салық комитетінің бас маманы болып қызмет атқарған. 2009 жылы Жанажол ауылдық округі әкімінің аппаратнда жетекші маман болып істеген. 2013 жылы Майқайын кенті әкімінің аппаратында әдіскер болып істеген. 2013 жылдың қазан айынан бастап Майқайын кенті әкімінің аппаратында бас маман болып қызмет атқарған.

2017 жылдың 25 мамырынан бастан Шөптікөл ауылдық округінің әкімі болып тағайындалған.

Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарын қолданады. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

2017 жылға жоспарланған жұмыстар:

Ағаш отырғызу, саябаққты жөңдеу және қоршау елді мекенді абаттандыру Жаз айларында жеке меншік ірі қара малдарының бағылымын ұйымдастыру Елді мекендердегі тазалық жұмыстарын ұйымдастыру, мүлікті жариялау жұмыстарын жалғастыру Ішкі жолдарды жөндеу жұмысы. ЦЭС –Шөптікөл, Шөптікөл-Сұлужон және Сұлужон-Екібастұзға жүретін жолды жөндеу Округтегі екі ауылдың тұрмыстық қатты қалдықтар полигонында қуатты техника көмегімен жинақтау жұмыстарын жүргізу Мал азығын дайындау мақсатында жұмыс істейтін ауылшаруашылық техникаларын аудандық ауылшарушылық мамандарының техникалық байқаудан өткізуін ұйымдастыру, әр түрлі деңгейде өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне шаруа қожалықтарын ұйымдастыру.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы