Введите ваш запрос для начала поиска.

Құндыкөл ауылдық округі

«Баянауыл ауданы Құндыкөл ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме

14.04.2008 ж. тіркелген,мемлекеттік тіркеу №97-1945-04-ГУ

 Мекен жайы: Құндыкөл ауылы.

Телефоны:8(71840)64-1-17

Қабылдау күндері:сәрсенбі ‹(аптасайын)

Ыбырай Самат Ыбырайұлы

2016 жылдың 28 шілдеден бастап Құндыкөл ауылдық округінің әкімі.

Ыбырай Самат Ыбырайұлы 1970 жылы 22қаңтар айында Қарағанды обылысы, Жана-арқа ауданы Атасу ауылында дүниеге келді.

Үйленген үш баласы бар. Білімі жоғары, 2007 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін тәмәмдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі орман ісі.

Жалпы еңбек өтілі 30 жыл.

Мемлекеттік қызмет өтілі – 3 жыл.

Еңбек жолын 1986 жылы Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде бастаған. 1995-2004 жылдар аралығында «Елназар» шаруа қожалығының басшысы. 2004-2006 жылдары Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Жасыбай орманшылығының орманшысы. 2006-2011 жылдары Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің директорының ғылым жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық министрлігі орман және аңшылық комитетінің «Республика аумағында ормандарды сақтау және ұлғайту» жобасының «Орман және тұқым бағын орналастыру өсірілген өскіндерді далалық жерге егу, жануарлар әлеміне мекендеуге қолайлы жағдай жасау, далалық және БМҰТП-нің қорғаныш аймақтарына ғылыми зерттеу жүргізу» жобасының жетекшісі.

2012-2016 жылдары «Елназар» шаруа қожалығының басшысы.

Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015  жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарын қолданады.  Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

2016 жылға жоспарланған жұмыстар:

1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту;

2. Ауылдың тазалық жұмыстарын жұргізу.

3. Ауыл ішіндегі жолдарын тегістеу жұмыстары;

4. Ауылды көркейту шенберінде ағаш отырғызу;

5. Иессіз күл-қоқыс орындарын, үйлердің орындарын реттеу.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы