«Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі келесі бос лауазым орындарына ашық конкурс жариялайды

1. «Баянауыл ауданының әкімдігі, Баянауыл ауданы Майқайың кентінің

әкімі аппаратының «Ұшқын» бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының директоры.

2. «Баянауыл ауданының әкімдігі, Баянауыл ауданы Майқайың кентінің

әкімі аппаратының «Нұрбөбек» бөбектер бақшасы» мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорнының директоры.

Функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымының Жарлығына сәйкес мектепке дейінгі оқыту және тәрбие ұйымның қызметін басқарады.

Мекеменің қаражаты мен мүліктерін басқарып ұйымдастырады, қаражат шығындары мен түсімдері туралы жылдық есебін беріп отырады.

Басқару құрылымын, штат кестесін, білім беру қызметкерлерінің қызметтік нұсқауларын бекітеді;

Білімдік-тәрбиелік процесті іске асыру;

Педагогигалық кадрлар мен қосалқы персоналдың іріктелуін және орналастырылуын жүзеге асырады;

Қоғаммен байланысын қамтамасыз етеді, ата-налармен (және оларды алмастыратын тұлғалармен) жұмысын үйлестіреді.

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

Білімі жоғары педагогикалық білім және мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде 5 жылдан, ауылдық жерде 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының  Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек  кодексін, Қазақстан Республикасының " Білім туралы", " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы",  Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарын.

Ұйымдастырушылық, тез тіл табыса білу, орындаушылық, көпшілдік қабілеттерінің болуы, субординация мен еңбек тәртібін сақтау.

Конкурс Қазақстан Республикасы ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 02 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік мекемесінің басшысын тағайындау және аттестациялау ережесі және Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі №338 бұйрығымен бекітілген Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары негізінде өткізіледі.

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар конкурстық комиссияға мына құжаттарды тапсырады:

- Конкурска қатысу туралы өтініш;

- Нотариат арқылы куәландырылған жеке куәлігінің көшірмесі;

- Мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

- Еркін түрде баяндалған өмірбаян;

- Нотариат арқылы куәландырылған білім туралы құжаттардың көшірмелері;

- Еңбек кітапшасының немесе жеке еңбек келісім-шарттың көшірмесі,

немесе нотариат арқылы куәландырылған соңғы жұмыс орнына қабылдау және шығару туралы бұйрықтар үзіндісі;

- № 086-У үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтамасы;

Азаматтар білімі, жұмыс тәжірибесі, кәсіби деңгейі туралы қосымша ақпараттарды, ғылыми басылымдар және тағы басқаларды тапсыра алады.

Конкурс құжаттарын қабылдау конкурсты өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 15 күнтізбелік күн бойы жүргізіледі.

Конкурсқа жіберілген үміткерлер әнгімелесуді белгіленген тәртіппен өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды мына мекен-жайға тапсыру қажет: Баянауыл ауданы, Майқайың кенті Ленин көшесі, 52 үй, № 204 кабинет.

Анықтама телефондары: 8(71840) 2-14-53, электрондық мекен- жай akimat_maikain@mail.ru

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы