Введите ваш запрос для начала поиска.

Майқайың кенті

«Баянауыл ауданы Майқайың кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме

25.06.2008 ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 105-1945-04-ГУ

Мекен жайы: Майқайың кенті

Телефоны: 8 (71840) 2-22-15

Қабылдау күндері: сейсенбі, бейсенбі (апта сайын)

Кент әкімі өзінің қызметін 2015  жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарын қолданады. Кент әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

Майқайың кентінің тірек ауылдық елді мекенін кешенді дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жоспары бойынша 2017 жылы келесі жұмыстар жүргізіліп жатыр.

1.Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту;

2. 110 орындық балабақшасының құрылысы.

3. «Шағала» балабақшасына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

4.Майқайың кентінде мемлекеттік рәміздер орналасқан саябақ аланының құрылысын жүргізу.

5.Шағын футбол аланының құрылысын жүргізу.

6.Майқайың кенті бойынша жарықтандыру жұмысын жүргізу.

7.Кент ішілік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу.

8. Кент аумағында заңдастырылмаған жерлерден күл-қоқыс шығару.

9.Тұрғындар арасында  жанүуялық бордықылау пунктерін ашу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

10.Жұмыссыз адамдарды «Бизнес Бастау» бағдарлама бойынша оқыту жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

11.Балалар өнер мектебіне ғимарат беру мақсатында № 1 орта білім беру мектебіне жөндеу жұмыстарын жүргізу.

12.Ветеринариялық пунктің ашу үшін сметалық құжаттар дайындау.

13.№ 2 орта білім беру мектебінің жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)


 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы