Введите ваш запрос для начала поиска.

Күркелі ауылдық округі

«Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ

23.05.1997 жылы тіркелген, мемлекеттік тіркеу  № 103-1945-04 – ММ

Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Жұмат Шанин ауылы, Жаяу Мұса көшесі 1, e-mail: akimat_kurkeli@mail.ru, пошта индексі: 140307

Телефон: 9-06-13, факс. 93-4-01

Азаматтарды қабылдау кестесі:

Сәрсенбі сағат 10:00-13:00 дейін (апта сайын)

Сағынтаев Таңат Қайратұлы 2016 жылдың 02 желтоқсанынан бастап Күркелі ауылдық округінің әкімі.

1982 жылдың 21 маусым айында Павлодар облысы, Баянауыл ауданы Күркелі ауылдық округі Қойтас ауылында туған.

Білімі – жоғары, 2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – экономист.  

Оқу орнын бітіргеннен кейін 2007-2009 жылдары Баянауыл ауданы қаржы бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеді. 2009 жылдың шілде-желтоқсан айларында Баянауыл ауданы бойынша салық комитетінің бас маманы болып істеді. 2009-2013 жылдары Баянауыл ауданы қазынашылық басқармасының бас қазынашы қызметін атқарды. 2013 жылғы  тамыз айынан 2016 жылғы қараша айы аралығында «Шалқаркөл» шаруа қожалығының директоры болған.

Үйленген, қыз бен ұл тәрбиелеуде.

Қазіргі уақытта Күркелі ауылдық округінің әкімі.

Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015 жылғы қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарын қолданады. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, жеке азаматтар мен заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Конституциясының заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық актілерінің нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

Күркелі ауылдық округінің жері 161681 га құрайды. Аумағында төрт елді мекен орналасқан – Жұмат Шанин, Шоманкөл, Жарылғап, Қойтас ауылдары. Жалпы халық саны – 983 адамды құрайды. Округте жалпы орта білім беру мектебі – 1, шағын орталық – 1, бастауыш мектептер – 2, дәрігерлік пункт – 4, мәдениет үйі – 1, ауыл кітапханалары – 4, байланыс бөлімшесі – 1, шағын футбол алаңы – 1, балалар ойын алаңы – 1, жасыл белдеулі алқап – 1, шаштараз – 1, жеке кәсіпкерлер – 9, оның – 2 жолаушылар тасымалдайды, 4 – сауда-саттықпен айналысады, 1 – ауыл шаруашылығымен айналысады, 1 – шаштараз, 1- ауыз су тасымалдайды. Округте 1 – шағын наубайхана жұмыс істейді, 1- су жіберуші мұнара, 11- су жүргізетін құбыр жұмыс істейді және 1 мешіт бар. Жұмат Шанин ауылы волоконды интернет желісімен қамтылған.

2016 жылы «Жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша қаражат бөлінуі арқылы Күркелі ауылында балаларға арналған ойын алаңы салынды.

2017 жылы Жұмат Шанин ауылында саябақ салынды. Және Билайн ұялы байланыс операторы қосылды.

Округтің негізгі айналысатын шаруашылығы ол мал шаруашылығы. Округте Жалпы ірі қараның саны – 5613 бас; қой, ешкі – 8635 бас; жылқы – 2618 бас; құстар – 2151 бас құрайды.

Округте - 69 жеке шаруа қожалығы бар.

Ауылдық аумақтарды дамыту жоспары бойынша сәйкес жоспарланған. 2018 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар:

  1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту.
  2. Ішкі қоныстанушылар мен оралмандарды оналастыру.
  3. Елді мекендердегі тазалық жұмыстарын ұйымдастыру.
  4. Жаз айларында жеке меншік ірі қара малдарының бағылуын ұйымдастыру.
  5. Ауыл халқын кооперативқа біріктіру.
  6. Жұмат Шанин ауылында мал сою пункттерін (блок модуль) орнату.
  7. Ауыл шаруашылығын дамыту, мал түрлерін тұқымдық түрлендіру жұмыстарын ары қарай жалғастыру.
  8. Ауылішілік жолдардың құжаттарын рәсімдеу.
  9. Жарылғап ауылына кіреберіс 4 км тас жол мен Шоманкөл ауылына 6 км тас жолдың құжаттарын рәсімдеу.
  10. Күл-қоқыс (қатты қалдықтарды) төгетін орын құжаттарын рәсімдеу.
  11. Жайылым жерді кеңейту үшін құжаттарды рәсімдеу.
  12. Зираттардың жер телімдерін рәсімдеу.
  13. Әкімдік алдында орналасқан ескерткіш алаңын (ҰОС ардагерлері үшін) абаттандыру.
  14. Жұмат Шанин ауылының көше жарығына ағымдық жөндеу.
  15. Қоқыс орындарын қалпына келтіру.
  16. Иесіз тұрған үйлер мен ғимараттар орнын тазалау (ішінара жартылай).
  17. Мал қамайтын алаң орналастыру және құжаттарын рәсімдеу.
  18. Жұмат Шанин ауылының ауылішілік жолдарына ағымдық жөндеу.
  19. Қ.Кемеңгеров атындағы ЖОББ мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізу.
  20. Мектеп ғимаратының қоршауын ауыстыру.
  21. Ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмысы.
  22. Жұмат Шанин ауылының су құбырына қайта құру

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

 

 

 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы