Бірлік ауылдық округі

«Баянауыл ауданы Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме

17.04.2003 ж. тіркелген, мемлекеттік тіркеу № 2450-1945-ГУ

Мекен жайы: Бірлік ауылы

Телефоны: 8 (7182) 98-6-38

Қабылдау күндері: сәрсенбі (апта сайын)

Аманжолов Айдос Айтбайұлы

2017 жылдың 17 тамыз айынан бастап Бірлік ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

Аманжолов Айдос Айтбайұлы1983жылдың 12 мамырында Павлодар облысы  Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында туған.

Білімі - жоғары, 2010 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – орманшаруашылығы ісі.2012 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – заңгер.2017 жылы Инновациялық Еуразия университетін бітірген. Мамандығы бойынша біліктілігі – экономика магистірі.

2002-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында әскери борышын өтеген.

Жалпы еңбек өтілі –7,8 жыл, мемлекеттік қызмет өтілі - 4 жыл.

Еңбек жолын 2006 жылы Павлодар облысы  Ақсу қаласының «Достық-Ақсу» КСКэлектрик болып бастаған.

2008 жылдың қаңтар айынан бастап, 2011 жылғы мамырға дейін Павлодар қаласының«Қазақтелеком» АҚ электромонтері.

2013 жылғы 21 қазанынан бастап, 2014 жылғы 16 маусымға дейін Баянауыл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарды.

2014 жылғы 16 маусымынан бастап 2015 жылғы 25 тамызға дейін Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы қызметін атқарды.

2015 жылғы 25 тамызынан бастап 2017 жылғы 17 тамызға дейін Баянауыл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің басшысы лауазымын атқарып келді.

Үйленбеген.

Ауылдық округінің әкімі өзінің қызметін 2015  жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарын қолданады. Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметіне жалпы басшылық жүргізеді, азаматтардың өтініштерін, арыздарын, шағымдарын қарайды, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қолданады, азаматтар мен заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік құқықтық актілерін нормаларын орындалуына жәрдемдеседі, жергілікті әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына жәрдемдеседі, әкім аппараты болып табылатын бюджеттік бағдарламаларды әзірлеп, тиісті мәслихаттың бекітуі үшін жоғары тұрған әкімдіктің қарауына енгізеді.

2017 жылға жоспарланған жұмыстар:

1. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жергілікті бюджеттің салық базасын ұлғайту;

2. Ауыл ішіндегі жолдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу қашықтығы 4,18 км;

3. Ауылға кіреберіс стелланы жаңарту;

4. Ауыл халқын кооперативқа біріктіру;

5. Ауылшаруашылықты дамыту, асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын кәсіпкерлерге қолдау бағыттырын ұсыну;

6. Мұсылман және христиан зираттарын қоршау;

7. Бірлік ауылдық мәдениет үйінің жылыту жүйесін электр жүйесіне ауыстыру

8. Иессіз күл-қоқыс орындарын, үйлердің орындарын реттеу.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы