Баянауыл ауылдық округі

Тәліпов Қинаятолла Хайруллаұлы Баянауыл ауылдық округінің әкімі

1978 жылы 13 қаңтарда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2000 жылы Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Филолог. Оқытушы» біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2000 жылы Е.Бекмаханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады.

2001-2004 жж. Ұзынбұлақ ауылы Ақши жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, 2004-2005 жж. Ақши жалпы орта білім беру мектебі оқу ісінің меңгерушісі, 2005 жылдың наурыз-тамыз айларында «Баянауыл ауданының білім бөлімі» ММ  жетекші маманы, 2005-2007 жж. «Баянауыл ауданының білім бөлімі» ММ бас маманы, 2007 жылғы сәуір-қараша айларында «Баянауыл ауданының білім бөлімі» ММ бастығының орынбасары, 2007-2008 жж. Б. Хайдаров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің директоры, 2008-2009 жж. «Баянауыл ауданы әкімі аппараты» ММ құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің жетекші маманы, 2009 жылғы наурыз-қараша айларында Баянауыл ауданының білім бөлімі» ММ сектор меңгерушісі, 2009-2010 жж. Баянауыл ауданы әкімінің көмекшісі, 2010-2013 жж. «Баянауыл ауданының ішкі саясат бөлімі» ММ бастығы, 2013-2015 жж. «Нұр Отан» партиясы Баянауыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып қызмет етті.

2015 жылдың 14 тамызынан бастап Баянауыл ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқаруда.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы