Ақсаң ауылдық округі

Ақсаң ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы  Дюсенбаев Кенжебек Дюсенбаевич

1961 жылы 18  тамызда Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, Ақсаң  ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 1984 жылы Алматы қаласының Қазақ ауыл шаруашылық институтынын «инженер механик»  мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы Алматы қаласының үздіксіз білім беру университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген

Еңбек жолын 1984 жылы МТМ меңгерушісі  Баянауыл  ауылында   болып бастаған.

1988-1996 жж – бас инженер, Баянауыл ауылы

1996-2007 жж – «Талапкер»шаруа қожалығының басшысы, Баянауыл ауылы.

2007-2008  жж -Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі бөлімшесінің басшысы, Баянауыл ауылы

2008-2009 жж -Павлодар облысы, Баянауыл ауданының әкімдігінің көмекшісі

2009-2012жж- Ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімшесінің басшысы, Екібастұз қаласы  

2012-2014 жж -Екібастұз қаласының әкімдігінің ауылшаруашылық  саласы бойынша кеңесшісі, Екібастұз қаласы

2014-2017жж-  «Талапкер»шаруа қожалығының басшысы,

2017 жылғы 17 тамыздан бастап Ақсаң ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқаруда.

Ақсаң ауылдық округі бойынша АҚПАРАТ

Ақсаң ауылдық округінің  аумағында  110 зейнеткер, 17-ы   тыл ардагері, 27 алтын алқа, 7 күміс алқа иегерлері  және денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедектер  саны 34 адам , оның  4-уі  мүгедек бала тіркелген.   Барлық  14-29 жас аралығындағы  жастар саны-  193. Оның  ішінде  жоғары  оқу орнында -14, арнаулы орта білім алуда- 27, жұмыс  істейтіндер -96 және  денсаулығына байланысты әр түрлі топтағы мүгедектер-8

Сондай-ақ округте 1 жалпы орта, 1 жалпы негізгі орта  мектеп,  2 шағын орталық, 3 дәрігерлік  пункт , 3 кітапхана , 1 азық-түлік дүкені және  мал сойатын алаң халыққа қызмет көрсетуде.

Халықты жұмыспен қамту мәселесі жергілікті атқару органдар қызметінің маңызды бағыты. Ауыл  тұрғындарының  аудандық жұмыспен қамту бөлімінде жұмыссыздар  тіркемінде тұрған адамдар қоғамдық жұмыстарға тартылып отырады.

2016 жылдан бастап   «Өрлеу»  шартты  ақшалай  жобасы  енгізілді.  Округ бойынша   жәрдем ақы  алатын  1- отбасы мал өсіру  мақсатында  алып отыр. 2016 жылға  осы жоба  жоспар бойынша балаларға  жәрдем  алушы  2 отбасы көзделіп отыр. Жастайынан  мүгедек  1  балаға   әлеуметтік жұмыскер қызмет көрсетеді.

Округ бойынша 3 дәрігерлік  пункт   елді   мекендерде орналасқан.

Бүгінгі  күні 3 медицина саласының қызметкері   1 жедел жәрдем техникасы тұрғындарға қызмет етуде.  Қызылтау  ауылдық округінен  келіп   жоғары  білімді   дәрігер Раушан Сағынқызы  халыққа   қызмет  етеді. Айына  1 рет  келіп  науқастарды жеке  қабылдауында  қарайды. Жыл сайын облыстық денсаулық департаментінен «Флюракар автокөлігі» ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуде.

Ауыл округі әкімі көлемінде ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуының негізгі көзі  мал шаруашылығы. Округ бойынша  48  шаруа   қожалығы  тіркелген, оның  29-ы  мал өсірумен  айналысуда.

Әкім аппаратының мамандары шаруашылық жүргізу кітаптарды нақтылау үшін жылына екі рет ауылдарда үй-үйді аралап жүзеге асырады.

Округ  бойынша   мал дәрігерлік пункттің   меңгерушісі   Жаныбеков  Асылан Айтанұлы   қызмет  етеді.  Мал дәрігері аумақтық инспекциямен бірлесіп ветеринария саласында халықтың денсаулығын мал мен адам үшін ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және ақпаратпен өзара алмасуды жүзеге асыру мәселелермен айналысады.

Тазалық-денсаулық кепілі. Көріктендіру және санитарлық жұмыстары жергілікті тұрғындардың және мекемелердің қатысуымен өз дәрежесінде өтіп жатыр. Санитарлық-тазалық  айлықтары басталғаннан бері  әр  апта сайын  сенбіліктер өткізіліп тұрды .Сәуір айында  ауыл тұрғындарына, жеке өздерінің төңіректерін таза ұстау қажеттілігі туралы ескерту  таратылып  берілді. Ауыл  тұрғындары өз  күштерімен  көң-қоқыстарын шығарып  отырады. Ауыл тазалығына мән беру керек.  Әсіресе   көктем айларында    қорадан шыққан қоқысты белгіленбеген жерге апарып  төгу жағдайлары белең алады.

Округ аумағында 1 мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб, 3 кітапхана тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Жеке  тұлғалар  өздеріне  тиісті  жер салығы,  мүлік салығы ,  көлік  құралдарынан  түскен  салық және  төлем  көзінен  салық  салынбайтын  жеке  табыс  салық   түрлері  төленіп отырды.

Ауыл әкімдігінде «Мемлекеттік қызметкерлердің « Әдеп Кодексі» орналастырылған, сенім телефоны бар, мемлекеттік қызметкерлердің әдебін бақылау кітабын қарауға қамтамасыз етілді, ауыл тұрғындарынан ескертулер мен ұсыныстарға арналған жәшік орналастырылған.

Округ бойынша 2  мемлекеттік  қызмет көрсетіледі; атап айтсақ жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру, және  шалғайдағы  ауылдық елді мекендерде тұратын  балаларды жалпы білім беру ұйымдарына   және үйлеріне  тегін тасымалдау.

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы