Қаратомар ауылдық округі

Кісентаев Ардақ Әнуарбекұлы

Қаратомар ауылдық округінің әкімі

1981 жылы 08 қыркүйекте Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қ.И.Сәтпаев ауылында дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2004 жылы Павлодар  университетін  «Кеден ісі маманы» бойынша  бітірген.

Академиялық дәрежесі экономика және бизнес Магистрі.

Еңбек жолын 2005 жылы Баянауыл мемлекеттік ұлтттық табиғи паркі  Далба орман шаруашылығының инспекторы болып бастаған.

2006-2011 жж. «МТС Жайма» ЖШС есеп жүргізуші, 2011-2013 жж. Қаратомар ауылдық округ әкімі, 2013-2014 жж. «Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маманы, 2015 жылғы қаңтар-наурыз айларында «Баянауыл ауданы Қаратомар ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы қызметтерінде істеді.

2015 жылдың 27 наурызнан бастап, Қаратомар ауылдық округінің әкімі лауазымында қызмет атқаруда.

Елді мекендер саны 2 – Қаратомар, Белағаш. Халық саны 520, Қаратомар ауылының халық саны 456, Белағаш ауылының халық саны 64. Сайлаушылар – 295, зейнеткерлер – 42, ҰОС-ның ардагері – 1, Еңбекке қабілетті халық саны – 317, жұмыссыздар – 4, Мектеп -1, мұғалімдер – 27, оқушылар – 93, Денсаулық сақтау объектілері – 2, дәрігерлер – 3, кітапхана – 2, мәдениет үйі – 1, Дүкендер саны – 3, Дайындау пункті – 1, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу объектілері – 1, аула саны – 123, шаруа қожалықтары -12, ЖШС-гі – 1, шағын кәсіпкерлік субъектілері–6, ірі қара мал – 1863 бас, жылқы – 435 бас, қой-ешкі – 4078 бас, құстар - 895

Округте «МТС Жайма» ЖШС-і орналасқан, серіктестіктің айналысатын бағыты: асыл тұқымды ет бағытындағы ірі қара малды өсірумен және 1500 басқа арналған мал бордақылау алаңы жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, егін егумен де айналысады. Серіктестікте Герефорд, Абердин-Ангус және қазақтың ақ бас ірі қарасын өсіреді.

АЗАМАТТЫҚ БЮДЖЕТ 2018-2020 ЖЫЛДАРҒА арналған

Мемлекеттік қызметтердің атауы

Шалғайдағы ауылдық елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беру ұйымдарына және керi қарай үйлерiне тегiн тасымалдауды ұсыну  (СтандартРегламент)

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру (Стандартрегламент)

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы