Музыка мектебі

Жарияланған: 27.09.2016


Баянауыл балалар музыка мектебі 1969-70 оқу жылы аудандық атқару комитетінің шешімімен ашылды. 1992 жылы музыка мектебіне жергілікті композитор -  импровизатор Жаяу-Мұсаның аты берілді. Павлодар облысы әкімінің шешімі негізінде 1999 жылы № 15 19.01.1999 жылы №3 тарау “Жергілікті бюджеттен  қаржыландырылатын мекемелер әкімшілік бағдарлама сұрақтары туралы” және  Павлодар облысы департаментінің бұйрығы №2-2/18 2.02.1999 ж. Жаяу-Мұса атындағы Баянауыл балалар музыка мектебі Юстиция министрлігінің тіркеуне Мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорын “Жаяу-Мұса атындағы Баянауыл балалар музыка мектебі” Баянауыл ауданы, білім  бөлімі болып енгізілді.

2007 жылы 7 қыркүйек күні Баянауыл ауданы әкімінің қаулысымен аты өзгертілді, енді “Жаяу-Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебі” МҚКК Баянауыл аудан әкімшілігі, Баянауыл ауданы білім бөлімі.

МҚКМ “Жаяу-Мұса атындағы Баянауыл балалар өнер мектебі” өз жұмысын мемлекеттік лицензия №0062646 12.12.2007 ж. негізінде атқарады.

Баянауыл балалар өнер мектебі бастапқы музыкалық, көркемсурет, хореография білімі негізінде қабілетті, дарынды түлектер өз білімдерін арнаулы орта оқу орындарында, муз.колледжде жалғастыра алады, ал қалған  оқушылар жалпы музыкалық білім (сонымен бірге көркемсуреттік, хореографиялық) алып, өзінің музыкалық қабілетін дамытып, бір немесе екі музыкалық аспапта ойнауды үйренеді, әртүрлі елдің, дәуірдің композиторларының шығармашылығын және  бағытын біледі.

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы