Жұқтыру және тарату көзі - кеміргіштерден жұқтырылатын аурулардың алдын алу бойынша жаднама

Жарияланған: 29.09.2016


  1. Кеміргіштер қандай зиян келтіреді?

Кеміргіштер қауіпті жұқпалы аурулардың тасымалдаушылары болып табылады: геморрагиялық қызба, туляремия, лептоспироз, псевдотуберкулез, оба, листериоз  және басқалары.

  1. Кеміргіштердің қай түрі ауру тасымалдағыш болып келеді?

Негізгі ауру тасымалдайтын кеміргіштер - сұр егеуқұйрық, қара егеуқұйрық және үй тышқаны болып табылады, олар үшін адамдардың үй-жайы басты мекендеу ортасы болып саналады. Табиғи жағдайда қыр тышқаны, қызыл-сұр тышқан тасымалдаушы болуы мүмкін.

  1. Қандай тасымалдау жолдары бар?

    Жұқтырылған кеміргіштердің тұрғын үйлер мен кәсіпорын аумақтарына ену мүмкіндігін ескере отырып, адам үшін тұрмыста және өндірісте табиғи-ошақтық  жұқпалармен жұғу қатері бар. Ауалы-шаң арқылы (шаңмен бірге кеміргіштердің кеуіп қалған қиын иіскеген кезде); тағам арқылы (кеміргіштер бөлген заттармен ластанған тағамдарды, сондай-ақ көкөністер мен жемістерді пайдаланған кезде); қатынасу арқылы (жұқтырылған сыртқы орта объектілерімен қатынасу (шыбық, салам, шөп, өлтірілген жануарлардың етін бөлгенде немесе жануар тістегенде); ауызсумен (суды ішкен кезде).

  1. Кеміргіштер (егеуқұйрық, тышқан) мынадай жолмен жойылады:
  • Үй-жайларда (коммуникациялар) және ашық аумақтарда кеміргіштердің көп жиналған және көшу орындарына улы жемдерді салу;
  • Механикалық аулау құралдарын пайдалану (қақпандар, тұзақтар, желімді жабындылар);
  • Кеміргіштерді жою бойынша өздігінен жұмыс жасау үшін дезинфекциялық бағыттағы мамандандырылған ұйымдарда сатып алынған құралдарды пайдалануға болады. Улы жемдерді қолданған кезде әрбір препаратқа арналған нұсқаулықты басшылыққа алған жөн, жеке қорғаныс құралдарын (қолғап) қолдану, препаратты балаларға қолжетімсіз жерде сақтау керек. Улы жемдер балалар мен үй жануарларына қолжетімсіз жерлерде салынуы тиіс.
2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы