ЖИТС тандамайды. БІЗ тандаймыз!

Казақстан Республикасында жыл сайын 15 қараша мен  15 желтоқсан аралығында Дүниежүзілік ЖИТС- пен күрес күніне арналган іс- шаралар өткізіледі.

         Әр адам нені білуі қажет!

         Жұғу жолдары:

Жыныстық жолымен – кездейсоқ жыныстық қатыныс кезінде

                                     - жыныстық серіктесті жиі ауыстырған кезде

                                     - мүшеқапсыз жыныстық қатынасқа түскен кезде

Қан арқылы - есірткі қантамыр арқылы пайдаланғанда  (залады ине, шприц және басқа құрал- саймандар, материалдар)

                     - татуировка, пирсинг, маникюр, педикюр жасату мен басқа кезінде (залалсыздандырылмаған ине, құралдар арқылы)

                     - кездейсоқ жарақат алғанда қолданылған шприц инесімен дәрі егу кезінде

Тікелей - ауру анадан жүктілік кезінде, босанғанда және емізгенде жұғады

АИТВ жұқпайды, егер:

                  - қол алысып, құшақтасса

                   -жөтелсе немесе түшкірсе

                   - бассейнде және табиғи суда шомылса

                   - ортақ ыдысты, асхана, төсек-орын жабдықтарын қолданса

                   - ортақ әжетхананы және жуынатын бөлмені қолданса

                   -шыбын-шіркей шақса

Жұқтырып алмау үшін не істеу қажет:

                  - жауапты, қауыпсыз жыныстық мінез – құлықты ұстану

                  - жыныстық серіктеспен өзара адалдықты сақтау

                  - есірткіні тұтынудан бас тарту

                  - жеке қорғануқұралын – мүшеқапты пайдалану

                  - косметикалық шаралары (пирсинг, татуаж, маникюр, педикюр, қүлақ тесу) үшін залалсыздандырылған қүралдарды қолдану

- жеке тазалық құралдарын қолдану

Күдіксіз өмір сүру үшін не істеу керек:

         Емханадан немесе ЖИТС орталығынан тегін тексеруден өту.

         Баянауыл аудандық ҚДСБ 

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы