Жемістер мен көкөністер шырын өнімдерінің қауіпсіздігі

Жарияланған: 13.02.2018


Шырын –сапалы піскен, жаңа піскен немесе таза сақталған жемістер мен көкөністердің не болмаса кептірілген жемістерден және (немесе) көкөністерден жеуге жарамды бөліктеріне физикалық әсер ету жолымен алынған және оны алу тәсілінің ерекшелектеріне сәйкес атауы бірдей жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырынға тән тамақ құндылығы, физикалық-химиялық және органолептикалық сипаттары сақталған сұйық тамақ өнімі. Бұл іс жүзінде әлемнің барлық елдерінде танымал. Піскен жемістер мен жеуге жарамды көкөністердің жемістерінен алынған ең көп таралған шырындар.

Әр шырынның тек қана өзіне тән жеке дәмге ие емес, сондай-ақ, пайдалы заттардың өзіндік жиынтығынан құралғандықтан мұны шырынның басты профилі деп те атауға да болады. Сонымен қатар шырындардан адам 13 минералды заттар мен 8 витаминдерді ала алады.

Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында айналымға шығарылатын жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған сок өнімінің еркін жылжуын қамтамасыз ету, жемістерден және (немесе) көкөністен алынған шырын өніміне қойылатын талаптарды қолдану және орындау үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында бірыңғай міндетті талаптарды белгілеу мақсатында Кеден одағы комиссиясының 2011 ж 9 желтоқсандағы №882 шешімімен Кеден одағының техникалық регламенті (ары қарай – техникалық регламент) 023/2011 «Жемістер мен көкөністерден алынған шырын өніміне арналған техникалық регламенті» бекітілді.

Аталған техникалық регламент үй жағдайында, жеке қосалқы шарушылығында азамматтармен немесе бағбандық, бақша егу кәсібімен айналысатын азаматтармен өндірілген жемістерден және (немесе көкөністерден алынған шырын өніміне және Кеден одағының бірыңғай кедендік аумақта айналымға шығаруға арналмаған және тек жеке тұтынуға арналған шырын өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және пайдаға асыру процестеріне таралмайды.

Осы Кеден одағы техникалық регламенті адам өмірін және денсаулығын қорғау және сатып алушыларды (тұтынушыларды) жаңылыстыруға әкелетін әрекеттерді ескерту мақсатында:

- жемістерден және (немесе) алынған шырын өніміне қойылатын талаптар;

- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімдеріне қойылатын талаптарға байланысты өндіріс, сақтау, тасымалдау және өткізу процестеріне қойылатын талаптар;

- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімдерін бірдейлендіру ережесі;

- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімінің сәйкестігін растау схемалар;

- жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімін таңбалауға қойылатын талаптарды белгілейді.

Балалар тамағына арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынатын шырын өнімін өндіру кезінде концентрацияланған диффузиялық шырынның гендік түрленген (генно-инженерлік, трансгендік) организмдерді (бұдан әрі - ГТО) құрайтын жемістерді және (немесе) көкөністерді қолдануға, сондай-ақ, құрауыштарды және құрамында ГТО бар тамақ қоспаларын, тәттілеуіштерді (қант диабетімен ауыратын балалар үшін жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған арнайы шырын өнімінен басқа) , хош иістендіргіштерді (табиғидан басқа) және басқа құрауыштар мен тамақ қоспаларын қосу рұқсат етілмейді.

Ерте жастағы балаларға арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өніміне хош иістендіргіштерді, бояғыштарды және бояйтын сығындыларды қосуға рұқсат етілмейді.

Ерте жастағы балаларға арналған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімі 0,35 литрден артық емес орауыштарда айналымқа шығарылуға тиіс.

Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған байытылған шырын өнімін өндіру кезінде тамақ және (немесе) биологиялық заттар ретінде тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін белгіленген тәртіпте рұқсат етілген витаминдерді, витамин тәрізді заттарды, каротиноидтарды, минералды заттарды, органикалық қышқылдарды, тамақ талшықтарын, полинеқаныққан май қышқылдарын, полисахаридтерді, полифенольды қышқылдарды, пребиотиктерді, фитостериналарды, флавонидтарды, фосфолипидтерді қолдану мүмкін. Тамақ және (немесе) биологиялық белсенді заттар көздері өсімдік сығындыларын тамақ өнеркәсібінде қолдану үшін белгіленген тәртіпте рұқсат етілген дәндердің, бұршақ өсімдіктерінің, жаңғақтардың, басқаларының сығындылары болуы мүмкін.

Бір және сол шырынға қантты және (немесе) қанттарды және қышқылдықты реттегіштерді біруақытта қосуға тыйым салынады.

Тұтынушы орауышына орналастырылған жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімін таңбалау оны таңбалау бөлігіндегі тамақ өніміне арналған Кеден одағы техникалық регламентімен белгіленген талаптарға және осы баппен белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған нақты шырын өнімінөндіру кезінде қолданылмайтын жемістердің және (немесе) көкөністердің, шырындар мен (немесе) пюренің графикалық суреті оның тұтынушылық орауышына салынбауға тиіс.

Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімінің осы Кеден одағы техникалық регламенті белгілеген талаптарға сәйкестігін бағалау мынадай үлгіде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы Кеден одағы техникалық регламентіне сәйкес жүргізіледі:

1) осындай өнімнің осы Кеден одағы техникалық регламентімен белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;

2) осындай өнімнің жеке түрлерін мемлекеттік тіркеу;

3) өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу процестеріне қойылатын талаптарға байланысты және осындай өнімге осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген талаптарды сақтауға мемлекеттік бақылау (қадағалау).

Кеден одағының бірыңғай кеден аумағында айналымға шығарылатын және мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімі сәйкестік декларациясы үлгісінде осы Кеден одағы техникалық регламентінде белгіленген талаптардың сәйкестігін міндетті растауға жатады.

Жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған шырын өнімінің жекелеген түрлері мемлекеттік тіркеуге жатады, атап айтқанда:

1) жаңа түрдегі жемістерден және (көкөністерден) алынған шырын өнімі;

2) жемістерден және (немесе) көкөністерден алынған арнайы шырын өнімі.

Қорыта келгенде, адамның өз өмірі үшін, ең алдымен, тұтынатын тағамдары үшін жауапкершілікке ие болуын қалаймын, себебі сол арқылы адам өзін өзі инвестициялайды. Өйткені адамдар қалыпты өмір сүріп, өз-өздерін дамыту үшін қоректенеді.

Баянауыл аудандық ҚДСБ

Тамақтану объектілеріне санитарлық-гигиеналық бақылау жүргізу бөлімі

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы