Аурудың қоздырғышы не болып табылады?
Жедел респираторлы аурулардың қоздырғышы көптеген вирустар (парагрипп вирусы, аденовирустар, риновирустар) болып табылады. Тұмау-әр типті вирустармен (А,В,С) қоздырылатын, жедел жұқпалы ауру.
Инфекция көзі кім?
Инфекция көзі- ауру адам. Әсіресе алғашқы күндері ауру жұқпалығы жоғары болады. ИНфекция ауа-тамшы арқылы басым таралады.
Аурудың қандай негізгі көріністері бар?
Ауру қалтыраумен, жоғары температурамен, бас аурумен, көз шарасының ауруымен, жарықтан қорқумен сипатталады. 2-3 тәулікте түшкіру, мұрынның бітелуі, жөтел белгілері қосылады.
Негізгі алдын алу шаралары:
- антигриппин, оксалин майы (мұрын жолдарына жағу үшін) және басқа алдын алу дәрі-дәрмектерін пайдалану;
- халық көп жиналатын жерлерге баруды шектеу;
- қоғамдық көліктермен жүруді шектеу;
- бөлмелерді жиі желдету, жуып тазалау;
- ауруларды және оларды қолданатын заттарымен бірге оқшаулау, олармен қарым-қатынасты шектеу;
- бір рет қолданатын маска немесе 4 қабатты дәкелік маска кию, дәкелік масканы күнделікті қайнатып, ыстық үтікпен үтіктеу қажет;
- ауырып қалсаңыз, үйге дәрігер шақырту керек.
Өзіңді жедел респираторлы аурулардан қорға!
Баянауыл аудандық ҚДСБ эпидемиологиялық бөлімі