Жедел ішек инфекциясының алдын алу жөнінде кеңестер

Жедел ішек инфекциясы (ЖІИ) - ас қорыту жолдарын зақымдайтын инфекциялық аурулар тоб. ЖІИ қоздырғыштар өте төзімді және ұзақ уақыт топырақта, суда, сондай-ақ қасық, тәрелке, есіктің тұтқасы, ойыншық және т.б. заттарда сақталуы мүмкін. Микробтар суда, сүтте, сүтті өнімдерде, етте, тәтті өнімдерде, салаттарда және басқа да тез бұзылатын азық-түліктерде көбейеді.

Негізгі белгілері:

  • іштің ауыруы
  • құсу, іш өту
  • дене қызуының көтерілуі
  • әлсіздік, тәбеттің төмендеуі

Құсқанда және іш өткенде адам сұйықтықты жоғалтады, соның нәтижесінде ағзадағы су алмасу процесі бұзылып, жүректің, тамырлардың, бүйректің және басқа ағзалардың қызметінін бұзылуына әкеп соғады.

Табиғатта белсенді, салауатты демалыс өткізу үшін ұсынылады:

  • Азық-түлікті арнайы дүкендер мен базарлардан сатып алыңыз.
  • Тез бұзылатын азық-түліктер: сүт пен сүт өнімдерін, етті, кремді кондитерлік өнімдерді, дайын және араластырылған салатты өзіңізбен бірге алып шықпаңыз.
  • Ірі еттерды, құстың етін, жұмыртқаны әбден қайнатыңыз және қуырыңыз.
  • Қолданар алдында көкөністерді, жеміс-жидектерді жақсылап тазалап жуыңыз.
  • Ауыз суын немесе қайнатылған суды тұтыныңыз. Су қоймаларындағы суды пайдаланбаңыз.
  • Қолыңызды жуыңыз немесе бактерияға қарсы әсері бар зарарсыздандыратын дымқыл майлықты қолданыңыз.

Баянауыл аудандық ҚДСБ

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы