Жатыр мойны қатерлі ісігі қалай тексеріледі?

Жатыр мойнының қатерлі ісігі - қауіпті ауру.Қатерлі ісіктің ерте кезеңдерінде белгілердің болмауымен немесе жеңіл ыңғайсыздық сезімімен сипатталады. Кейінірек - жамбас аймағында ауырсыну сезімі, етеккір кезінде қан кетудің ерекше түрі мен ұзақтығы, жыныстық қарым-қатынас кезінде ауырсыну, байланысудан қан кету (коитуден, гинекологиялық тексеруден немесе бүркіп жуудан кейін), етеккір үзілгеннен кейін де қанның бөлінуі, әлсіздік, анемия, СОЭ-ның жоғарлауы, шала қызулы температура (до 37,5°C).Болжам ауру анықталған кезеңге байланысты. Алғашқысында бесжылдықта өмір сүру деңгейі 78%, төртіншісінде - 7,8% ғана. Сондықтан әрбір әйел ауруды ерте кезеңде анықтау үшін жатыр мойны қатерлі ісігінің скринингінен өтуі керек.

 Жастық көрсеткіштері

Орташа жастағы (35-55 жастағы) әйелдер бұл ауруға шалдығу қауіпі жоғары, жастарда (15 жастан) бұл сирек кездеседі, ал 20% жағдайда 65 жастан кейін анықталады.

65 жастан кейін көптеген жылдар бойы қалыпты нәтижелер болып, тәуекел тобында болмаса жыл сайынғы скрининг өту қажет емес деп саналады.  

Өту интервалы

Жыныстық қатынасты басталуынан кейін алғашқы сынақтаманы алғашқы жыныстық қатынастан кейін 3 жылдан кешіктірмей өту керек, содан кейін 21-29 жас аралығындағы әйелдер цитологиялық скринингтен өтуі керек -   Папаниколау әдісі бойынша жағындыны зерттеу (ПАП сынақтама). Адам уақыт өте папиллома вирусын жұктырса аурудың дамыту қаупі артады, сондықтан 30 жастан асқан әйелдер инфекцияны анықтауға арналған тестпен (ПЦР-ның онкотиптеріне арналған ВПЧ талдау) бірге ПАП-тестілеуден өтеді.

 Тексеру қалай жүргізіледі?

Тексеру етеккір кезінде және қабыну процесінде жасалмайды. Процедурадан екі күн бұрын, тестілеудің сенімділігін төмендетпеу үшін жыныстық қатынастан, бүркеп жуудан, вагиналды тығындәрілерді, жақпаларды, тампондарды қолданудан аулақ болу керек. Негізгі процедура колпоскопия болып табылады, оның барысында дәрігер қынаптың және жатыр мойнының қабырғаларын арнайы құралмен - кольпоскоппен тексереді, ол 3-тен 40 есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді және жарық көзімен жабдықталған.

Манипуляция ауырсынуды тудырмайды, гинекологиялық айна енгізу кезінде,   сондай-ақ жатыр мойы шырышты қабығынан жағынды алған кезде ыңғайсыздық туындауы мүмкін. Алынған материалдар шыны заттарға жағылады, боялады және микроскоп астында зерттеледі.

 

Баянауыл аудандық ҚДСБ

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы