Қызылша-өте қауіпті инфекция. Балаңызды қорғауға үлгеріңіз!

Құрметті ата-аналар! Соңғы айларда Қазақстанда қызылша ауруы оқиғалары тіркелді. Біз Сізден балаларыңызға мұқият болуыңызды сұраймыз.

 Қазіргі уақытта қызылша сияқты инфекциялық аурудың эпидемиологиялық жағдайы тұрақты емес. Соңғы жылдары көптеген Еуропа елдерінде қызылша ауруларының жиілеуі байқалады. ДДҰ –ы қызарудың өсуін қызылшаға қарсы вакцинациялауының төмен деңгейімен байланыстырады. Бұл Қазақстан аумағына осы инфекцияны басқа елден келуінің  және оның егілмеген халық арасында жылдам таралуының жоғары қаупін тудырады. Сондықтан осы аурудың белгілері мен алдын-алу туралы білу артық болмайды.

 Қызылша дегеніміз не және ол несімен қауіпті?

 Қызылша –дене қызуының  38-40 °C  дейін жоғарлауымен, жалпы интоксикация, көздің, жұтқыншақтың, жоғарғы тыныс алу жолдарының  шырышты қабығының қабынуымен, біртіндеп бөртумен сипатталады. Жалпы мазасыздық, бас ауыруы, тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы.

Бөртпе кезеңінде қызғылт немесе қызыл дақтар түрінде   пайда болады тын бөрітпе..

  • Бірінші күні бөртпе элементтері құлақшаның, бастың үстінде, бет пен мойынға және жоғарғы кеудеде пайда болады;
  • Бөртпедің екінші күні бөртпе дене мен қолдың үстінгі жағына шығады;
  • Үшінші күні бөртпе элементтері төменгі жақтарда пайда болады және беттегілер бозарып кетеді.

Инфекцияның көзі - науқас адам. Вирустың таралуы ауадағы тамшылары арқылы, сілекей тамшылары, түшкіру, жөтелу, сөйлесу арқылы өтеді. Ауа ағымымен вирус айтарлықтай қашықтыққа таралуы мүмкін. Инфекция қызылшамен науқас адам болған бөлмедегі ауамен тыныс алу арқылы жұғуы мүмкін. Егер адам қызылшамен ауырмаса немесе осы инфекцияға қарсы егілмеген болмаса, науқаспен байланысқаннан кейін жұқтыру  жағдайы 100% кездеседі.

 Қызылшамен ауырған адам 7-10 күн бойы басқа адамдар үшін қауіпті. Адамдардың табиғи сезімталдығы өте жоғары, аурудан кейін өмірдің соңына дейін иммунитет пайда болады. Қызылша ауруының қайталануы өте сирек.

Қызылшамен ауыру кезінде ауыр асқынулар пайда болуы мүмкін. Оларға өкпенің қабынуы(пневмония), орта құлақтың қабынуы (отит) және кейде энцефалит (мидың қабынуы) сияқты қорқынышты асқынулар кіреді. Қызылша ұзақ уақыт бойы (2 айға дейін) ауырғаннан кейін иммунитеттің нашарлау белгіленеді, сондықтан бала суық тию немесе вирустық аурумен ауырып қалуы мүмкін және оны шамадан тыс жүктемелерден қорғау керек екенін есте сақтау қажет, мүмкіншілінінше- науқас баларармен байланыста болудан сақтау.

Ауруға қарсы сенімді түрде жалғыз қорғау - бұл иммунизациялаудың Ұлттық жоспарына енгізілген қызылшаға қарсы егу.

Ата-аналарға ұсыныс:

- балаңыздың егілу төлқұжатынан қызылшаға қарсы егілуін тексеру, егу болмаған жағдайда- қызылшаға қарсы егілу.

- қызылшаға қарсы егілмеген бар әртүрлі мәдени іс-шараларғақатысуын  және ойын-сауық орталықтарында ойын алаңдарына баруын шектеу;

Егер сіздің балаңыз науқастанса:

- аурудың алғашқы симптомдары шағылысқан белгілермен (дене  қызуының жоғарлауы, бас ауыруы, әлсіздік) және бөртпе пайда болған кезде сіз дәрігермен кеңесіп, қызылшаға тестілеуден өтіп, оның барлық ұсыныстарын орындау;

- жағдай ауырлаған жағдайда жедел жәрдем шақыру;

- дәрігер келгенге дейін туыстарымен, таныстарымен және басқа адамдармен байланысты шектеу;

 - жөтелу, түшкіру кезінде ауызды және мұрынды мұрын орамалды пайдалану арқылы жабыңыз,  қолыңызды сабынмен және сумен жиі жуыңыз;

- тыныс алу жолдарын  қорғау құралдары арқылы қорғау  (мысалы, маска немесе дәкеден байлауын);

- өзін-өзі емдеуге болмайды!

Қызылшаның алдын алу:

Инфекциямен күресудің жалғыз және тиімді әдісі вакцинация болып табылады.

Ұлттық профилактикалық егу күнтізбесіне сәйкес, қызылшаға қарсы вакцинация 12 ай жасында және 6 жылда қайта жасалады. Сондай-ақ, қызылшамен ауырмаған 18-35 жас аралығындағы ересектер алдын-ала вакцинациядан өтпеген немесе қызылша ауруына қарсы вакцинациялау туралы ақпарат алмаған адамдар егілу қажет  (иммундау вакцинациядан кемінде 3 ай уақыт аралығында екі рет өткізіледі). Вакцинация қызылшамен науқастанған адаммен байланысқанда, қызылша вакцина алғаны туралы немесе қызылшамен ауырғаны туралы сенімді ақпарат жоқ болған  әрбір адам үшін қажет. Қызылшаға қарсы вакциналары 20 жылдан астам уақытқа созылатын сенімді иммунитетті қалыптастырады. Вакцинация эпидемиялық жағдайдың нашарлауы кезінде орындалған болса да, қызылшаның дамуына жол бермейді.

Қызылша-өте қауіпті инфекция. Балаңызды қорғауға үлгеріңіз!

 Баянауыл аудандық ҚДСБ

 

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы