Вирустық А гепатиттің алдын алу

Жарияланған: 08.02.2018


Вирустық А гепатиті - бауырдың жұқпалы ауруы. Гепатит А – тек ауру адамнан жұғады. Гепатит А-ның вирусы адам ағзасына су, тамақ, кір қол және лас ыдыс-аяқ, үй керек-жарақтары арқылы түседі. Жеке адам гигиенасын сақтамағандықтан вирустық гепатит А-ны жұқтыруға болады.

Гепатит А-ның негізгі белгілері (вирустық гепатиттің барлық түрлеріне тән):

  • тәбеттің төмендеуі
  • оң қабырғаның астының ауруы
  • дене қызуының көтерілуі (37,5° С)
  • жүректің айнуы, кейде құсу
  • әлсіздік, дімкәстік
  • зәрдің түсінің қоңырлануы
  • үлкен дәреттің түсінің ағаруы
  • таңдайдың, көз ағының сарғаюы, кейінірек терінің сарғаюы кейде ауырған адамда сарғаю болмауы мүмкін.

Вирустық гепатит А ауруының бірінші белгілері пайда болса, бірден дәрігерге барыңыз.

 

Қорғану шаралары.

Жеке адам гигиенасын сақтау:

  • қайнатылған, немесе өз шөлмегіңдегі суды ішу
  • тамақ ішер алдында, дәретханадан кейін, серуендеп келгеннен кейін қолыңызды сабындап жууды әдетке айналдырыңыз.

 

Қоғамдық гигиенаны сақтау:

  • әдейілеп бөлінген жерде суға шомылыңыз, шомылған кезде суды жұтпаңыз
  • ашық су айдындарынан, өзеннен алған суды ішуге, тамақ жасауға және ыдыс-аяқ жууға қолданбаңыз
  • көкөністер мен жемістерді қолданар алдында жақсылап мұқият жуыңыз.

 

Сіздің денсаулығыңыз өз қолыңызда!

 

Баянауыл аудандық КДСБ эпидемиологиялық бөлімі

 

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы