Вакцина жасату — полиомиелиттен сақтанудың сенімді жолы

ПОЛИОМИЕЛИТ жіті жұқпалы ауру, орталық жүйке жүйесін, алдымен жұлынды зақымдап, адам сал ауруына шалдығады. Полиомелит ауруы барлық бұлшық еттерді зақымдайды, бірақ көбінесе адам аяқтары шалдығады.

  • Тыныс алу жолдары қызметінің бұзылғандығынан полиомелит індетінен 5-25% науқас қайтыс болады.
  • Омыртқа мен аяқ-қолдарының сал болып ауруы өмір бойы мүгедектікке әкеп соқтырады.
  • Полиомиелит ауыр вирустық аурулар қатарына жатады. Көбінесе оған балалар және полиомиелит екпесін алмағандар шалдығады.
  • XX ғасырдың ортасында Еуропа мен Солтүстік Америка елдерінде аурудың өршуі ұлттық апат ретінде сипатталады.
  • Полиомиелитті ескертетін вакциналарды енгізу, аурудың тез төмендеуіне, ал көптеген аймақтарда – оның толығымен жойылып кетуіне жол ашты.
  • 1961 жылы аурушаңдық 22.000 жағдайдан 4.000 жағдайға дейін кеміді, ал 1962 жылдан бастап жылына 100 – 150 аз жағдайлар тіркелген.
  • 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тиімді вакцинаның көмегімен әлемдегі полиомиелитті жою бағдарламасын қабылдады.
  • 2002 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемдегі 51 елдің ішінде Қазақстанды полиомиелиттен сау аймақ деп жариялаған. Бұл, әрине балаларға полиомиелит екпесін жасау нәтижесінде қол жеткізілді. Бірақ 4 елде (Үнді, Ауғанстан, Нигерия, Пәкістан) бүгінгі күнге дейін осы жұқпа тіркеліп келеді. Демек, полиомиелиттің біздің елге келу қаупі сейілмей отыр. Сондықтан да біз балаларымызға екпе жасатып отыруымыз керек. Полиомиелитті емдеудің өзгеше түрі жоқ.
2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы