Құтыру

Жарияланған: 19.10.2016


            Құтыру –бұл вирустық зооноздар тобындағы жіті жұқпалы ауру,ауру жануардың тістеуі немесе сілекейлеуінің салдарынан дамиды,өлімге әкелетін энцефаломиелитпен,соңынан салдануға әкелетін қозғалыс орталықтарының күрт қозуымен, жұтқыншақ бұлшықеттерінің және тыныс алу жолдарының дірілдеуімен, сілекей ағуымен сипатталады.

            Құтырудың табиғи типін жабайы жануарлар  (қасқыр, түлкі, ит, шие бөрі, ақтүлкі, мангуст, жарқанат) және қалалық типін (ит, мысық, ауыл шаруашылығы жануарлары) қалыптастыратын ошақтармен ажыратуға болады. Адамдар өлімі көп жағдайда ауру жұқтырылған иттің тістеуінен болады.

            Адамдарда құтыру вирусымен зақымдану, ауру белгілерінің дамуы жағдайында өлімді нәтижеге алып келеді. Алайда вируспен зақымдалғаннан кейін жедел вакциналау ауру дамуының алдын алуға мүмкіндік береді. Құтыру белгілері пайда болғаннан кейін сауығу жағдайы бірлі-жарым және әдетте ол жалған диагностикамен байланысты болады.

            Инкубациялық кезең орташа есеппен алғанда 1-2 айды (7 тәуліктен бастап 1 жылға дейін және одан жоғары ) құрайды. Оның ұзақтығы зақымдалудың оқшаулаулығынан (мидан алыстығы) және жараға түскен вирус бөлшектерінің мөлшеріне байланысты болады.Құтыру вирусы зақымдалған орыннан жүйке талшықтары бойынша миға түсуі тиіс,онда ол энцефалит тудырады. Вирустың жүйкелер бойынша жылдамдығы 3мм/сағ.

            Ал Қазақстандағы құтырумен байланысты жағдайдың көрінісі мынадай.

            Биылғы жылы маусым айындағы деректер бойынша Қазақстанда қозудың 4 жағдайы тіркелді. Бұл жағдайлардың барлығы Оңтүстік  Қазақстан облысында тіркелген. Зардап шеккендердің біреуі 14 жасқа толмаған бала.

            Сіздерге міндетті түрде білу керек:егер сізді ит тістеп алған болса шұғыл түрде травматологиялық пунктке жүгіну қажет, тек егер медициналық мекемеге дейінгі қашықтық алыс болған жағдайда ғана жараны сабынды (20%) сумен жуып, содан кейін сутегі тотығымен өңдеу қажет және қалай болғанда да медициналық мекемеге жүгіну қажет. Дәрігерге жүгінуді созбаңыз. Вакциналау, тістегеннен немесе құтырған малдың сілекейлеген сәтінен бастап 1 күннен кешіктірілмейтін уақыт аралығында жүргізілген  болса ғана тиімді болады.Егер ит белгілі болса,онда тістелген адамды емдеумен және вакциналаумен қатар итті де 10 күн бойы қадағалау қажет. Егер ит 10 күн мерзімі ішінде өлмеген болса және онда құтырудың негізгі белгілері байқалмаған жағдайда ғана вакциналауды тоқтатуға болады.   

2008-2018 © Баянауыл ауданы әкімінің ресми интернет-ресурсы